Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру



бет140/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критреийлерін шығару.

слайд


Орта

4 мин

5 мин

3 мин
5 мин

15 минут

2 минут


(Т, Ұ) Постермен жұмыс.
Мақсаты: магнит туралы екінші сыныпта өткен ақпаратты еске түсіру, өзара ақпарат алмасу.
Металдардың магниттелу қабілетін көрсету үшін сабақ басында бұрағыштың қалай магниттелетінін көрсету. Ол үшін бұрағыш пен жолақты магнит аламын. Магниттің шетін бұрағыштың бойымен өткіземін. Міндетті түрде бір бағытта бұрау керек! Магниттеу уақыты қолданылатын магниттің күшіне байланысты.
Тек тоғыз металл магниттеу қабілетіне ие. Олар ферромагнетиктер тобына жатады (Fe (ferrum) – темір). Барлық магниттер темір, кобальт және никельдің құйындысы болып табылады. Мыс, алюминий, алтын және т.б. сияқты металлдар магниттелмейді.
Магниттің екі полюсі бар: солтүстік және оңтүстік. Олар сәйкес көк және қызыл түске боялады. Солтүстік полюс N (north) әрпімен, оңтүстік – S(south) әрпімен белгіленеді. Біртекті полюстер бір-бірінен итеріледі, ал әртекті полюстер тартылады.
-Магнит туралы не білеміз? Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар бірінші және екінші сыныптардағы магниттің қасиеттері жайлы білімдерін жаңғыртады, магниттердің өзара әрекеттесуін тәжірибеде тексереді және сұхбат барысында магниттің полюстерімен танысады.
Оқушыларды топқа (топ саны жұп сан болатындай) бөлу. Оларға оқулықтағы суретке қарап, магнит туралы не білетінін талқылауды тапсыру. Талқылаудан кейін екі топқа бірігіп, бір-бірімен ақпаратпен алмасуды тапсыру. Талқылаудың нәтижесін қорытындылау үшін әр топтан төрт спикерден таңдау. Әр оқушы суреттекөрсетілгенбірсектортуралыайтады. Қалған оқушылар өз тобы өкілінің жауаптарын толықтыра алады. Талқылау кезінде сұрақтар қою:
• Магнит қандай заттарды тартады? (Металл заттарды.)
• Магнит қандай заттарды тартпайды? (Пластмасса, қағаз және т.б.)
• Магниттің неше полюсі бар? (Магниттің екі полюсі бар.)
• Олар қалай аталады? (Солтүстік және оңтүстік.)
• Олар қалай белгіленеді? (Солтүстік «N», оңтүстік «S».)
• Олар қандай түспен боялады? (Солтүстік – көк, оңтүстік – қызыл.)
• Магнит кедергінің арғы жағындағы заттарды тарта ала ма? (Тарта алады, мысалы, шыны, қатты қағаз арқылы және т.б.)
• Магниттердің бір-бірімен әрекеттесетін/ әрекеттеспейтінін тексеріңіздер. (Біртекті полюстар итеріледі, әртекті полюстар тартылады.)
• Магниттің күшін өзгертуге немесе оның магниттік қасиетін жоюға болады ма? (Егер магнитті ұрса немесе қыздырса, оның магниттік қасиеті жоғалып кетеді.)
• Магниттерді қай салада пайдаланады? (Медицинада: МРТ, физиологиялық емдеу; зауыттарда, тұрмыста.)
Топтардың жұмыстарын бақылау, оқушылардың талқылауын мұқият тыңдаймын, топтық жұмыс кезінде енжарлық танытқан оқушыларға сұрақтар қоямын. Бақылау нәтижелерін қалыптастырушы бағалау жүргізуге қолдану.
Мұғалім әрбір топқа магнит туралы не білетіндіктерін еске түсіріп, постер құрастырыруларын сұрайды.
Әрбір топ ұжыммен жазған ақпараттарын бөліседі. Ескеру ақпарттың қайталанбауын қадағалау.


(Ұ) Бейнежазба.
Мақсаты: магнит және оның қасиеті.
Мұғалім оқушыларғабейнежазба бойынша негізгі ақпаратты түртіп алулары, және постерге толықтырып жазуларын (басқа түсті қаламмен) сұрайды.


/Бейнежазбадан соң, әрбір топ өздерінің білген ақпарттарымен бөліседі, айтылған ақпаратқа өзара толықытулар енгізеді.Мұғалім оқушыларды «ынталандыру әдісі» бойынша ауызша бағалайды/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет