Психологиялық ахуал қалыптастыру
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ғылымға кіріспе сабағын,
Лезде қағар санамыз.
(Ұ) «Жасырын сөз» Мақсаты: оқушының қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушыларға екінші сыныпта өткен білімдері бойынша сұрақтар қойылады. Сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
-Бұл дененің атауы Кіші Азиядағы таудың атауымен байланысты, аудармасы «жақсы көру» деген мағынаны білдіреді. Бұл дене кейбір металдарды өзіне тарту қасиетіне ие. Бұл не?
/Оқушылар жасырын сөздің «Магнит» екендігін айтады/.