Дескриптор Білім алушы: -тәжірибе барысында байқаған үдерісті сипаттайды;
- тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасайды
/Оқушыларға нұсқаулық жазылған 2 тәжірибе беріледі де, нәтижесіне дейінгі аралықта 3-ші тәжірибе жүргізіледі/. 3-тәжірибе. Мұғалім оқушыларға скрепка, магнит және қағазқыстырғыш таратып береді.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына скрепкамен қағазқыстырғышты тартуға бола ма?
- Скрепка магниттік қасиетке ие ме?
- Скрепкамен қағазқыстырғышты тарту үшін не істеуге болады?Берілген ресурстарды қолданып, анықта.
/Оқушылар берілген ресурстардың көмегімен скрепканың магниттелу қасиетін анықтауы керек. Егер, оқушылар анықтай алмаса, онда мұғалім скрепканы магнитке үйкеп көрсетеді. Әрі қарай оқушы зерттеуді анықтап, темірдің магниттелу қасиетін түсіндірулері керек. Тәжірибе соңында мұғадім ұжыммен бірлесе отырып, металдың магниттелу қасиетіне тұжырым шығарады/.
(Ө)1-ші және 2-ші тәжірибеге қайта оралу. Оқушылар тәжірибенің 2 –ші және 3-ші бөлімін орындап, қорытынды жасайды.
Дескриптор бойынша бағаланады, кері байланыс жасалады.
/Мұғалім ұжым оқушыларымен 3 тәжірибе бойынша қорытынды тұжырым шығарады/. ҚБ тапсырмасын орындату. -Заттар магниттік қасиетке ие болу үшін не істеу керек?
Қарапайым тәжірибелер жасай отырып, заттарды магниттеп көр. Нәтижесі бойынша қорытынды жаса.
1-тәжірибе: Қажетті материалдар: шеге, қуаты күшті магнит, қағазқыстырғыш.
1) Шегені біраз уақытқа магниттің үстіне қойып қой.
2) Шегені алып, оған қағазқыстырғышты жақындат.
3) Не байқадың?
2-тәжірибе: Қажетті материалдар: алюминийден жасалған кез келген зат, қуаты күшті магнит, қағазқыстырғыш.
1) Алюминийден жасалған затты біраз уақытқа магниттің үстіне қойып қой.
2) Алюминий затты алып, оған қағазқыстырғышты жақындат.
3) Не байқадың?
•Қорытынды: