Оқулық:
Ауа неден құралады? 72-73-бб.
Жұмыс дәптері:
49-жұмыс парағы. «Ауаның құрамы», 51-б.
50-жұмыс парағы. «От», 52-б.
Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ ортасы
30 минут
ОМ таныстыру: Ауаның құрамы туралы білетін боласың (Ж) «Шешіп көр» тапсырмасы. Тапсырма талдай білу және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамытуға арналған. Оқушылардан жұмбақты шешеді
Көзге ілінбейді
Жұтсаң білінбейді
Суреттерге қара
Газдың қасиетін ата.
Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз, жұмбақты өзара талдап, жауаптарын түсіндіріп берулері қажет. Содан кейін барлық сынып бойынша жауаптарды ортаға салады.
Сұрақтар қою:
- Біздің өміріміз үшін қандай заттар қажет? (Су, ауа, тамақ.)
- Жұмбақта жасырылған зат қандай күйде болады? (Газ күйінде.)
- Біздің өміріміз үшін қажетті қандай зат газ күйінде болады? (Ауа).
- Бірінші шартты белгі қандай қасиетті меңзейді? (Заттың иісі жоқ екендігін).
- Екінші белгіде не бейнеленген? (Заттың түссіз болатыны).
- Үшінші белгі нені білдіреді? (Газдың дәмі жоқ екендігін.)
Бір оқушыға барлық жауапты қорытындылауды тапсыру.