Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


(қ) Топырақтың түсі оның құрамына байланысты екенін түсінеді. (Ж,Қ)Проблемалық сұрақ



бет81/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

(қ) Топырақтың түсі оның құрамына байланысты екенін түсінеді.


(Ж,Қ)Проблемалық сұрақ
-Жанды табиғат тыныс алуы үшін не қажет?
-Жер астындағы жануарлар ауаны қайдан алады?
Жауабын жұпта талқылауға тапсырма беріңіз. Оқушылар жанды табиғат ауамен тыныс алатынын айтады.Оқушылар топырақтың құрамында ауа бар деген жауап айтады.


(ОТ,Т,Қ) 2-тәжірибе
Мақсаты:Топырақтың ауа өткізгіштік қасиетін анықтау.
Сазды топырақ пен қара топырақ салынған ыдысты алып салыстыру.
Сұрақ:-Қай топырақта ауа көп деп ойлайсыңдар?
-Неліктен олай ойлайсыңдар?
Қорытынды:Сазды топырақ қатты, ал қара топырақ борпылдақ.Сазды топырақта ауа аз, қара топырақта ауа көбірек.
(ОТ,Т,Қ) 3-тәжірибе
Мақсаты:Топырақтың су өткізгіштік қасиетін анықтау.
Топтарға топырақ салынған ыдыстарға бірдей мөлшерде су құюды тапсыру.Судың топырақтан өтуіне кететін уақытты секундомер қосу арқылы анықтауға тапсырма беру.
Сұрақ:-Топырақтың қай түрі суды тез өткізеді?
-Қайсысы аз өткізіп, бойына сіңіріп қалған?
-Қайсысы мүлдем өткізбеген?
Оқушылар сұраққа жауап беру үшін зерттеу жүргізіп, бақылап, қорытынды жасайды. Нәтижесін жазады.
Қорытынды: Құмайт топырақ суды өте тез өткізеді, сазды топырақ суды өткізбейді, ал қара топырақ суды аз өткізіп, бойына жақсы сіңіреді.

Бейнежазба

Суреттер


Зерттеу жұмысына қажетті нұсқаулықтар мен қажетті құрал-жабдықтар

Сабақтың соңы
5 минут

  • Рефлексия

-Топырақ — өсімдік үшін қоректің көзі және баспана.
-Бүгінгі алған білімдеріміз өмірге қажет пе?


Өздерін бағалау
«Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау.


Үйге тапсырма:Гүлдержді баптау барысында топырақты зерттеу, гүлдің өсуіне жағдай жасау.

Стикерлер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет