Сабақтың тақырыбы Файлдар мен бумалармен жұмыс Оқу бағдарламасына сəйкес оқу



Дата11.10.2023
өлшемі21,58 Kb.
#113646
түріСабақ



Бөлімі

I бөлім. Компьютерлер мен программалар

Педагогтің аты-жөні

Шаріпханова А.Е.

Күні

28.09.2023

Сыныбы: 2 «Г»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Файлдар мен бумалармен жұмыс

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

        1. файл мен бума туралы түсінік беру;

        2. файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жою;

        3. өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Файл мен бума туралы түсіну.
Файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жоюды білу.
Өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдалану.

Бағалау критерийлері

Файл мен бума туралы түсінеді.
Файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жоюды біледі.
Өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдаланады.

Сабақтың_барысы'>Ойлау дағдыларының дейгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақтың барысы



Сабақтың
кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту: «Боди-арт» əдісі.
Барлық қатысушылар парта бойынша үш қатарға бөлініп, бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушының арқасына салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы жəне бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Бұл сыныпта жағымды ахуал туғызады.

Сабақтың ортасы
25 мин.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Презентация «Файлдар мен бумалармен жұмыс»
1-тапсырма.
Екі бума құр.
а) Жұмыс үстеліне тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, құру (Создать) → Бума (Папку) командалары арқылы екі бума құр.
ә) Бумаларға «Оқулық», «Дәптер» атауларын бер.
б) Тінтуірдің көмегімен бумалардың орнын ауысты рып көр.

Мұғалімді тыңдайды
Презентациямен танысады

1-тапсырманы орындайды



Дескриптор:
-1 бума құрады
-2 бума құрады
- 1 бумаға атау береді
-2 бумаға атау береді

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай  «Қолпаштау» әдісі арқылы бағалауды жүргізіледі.



Презентация

Сабақтың соңы 5 мин.


Сабақты бекіту.
Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия.
«Бес саусақ» əдісі. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дəптерлеріне өз саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың əр саусағына интерактивті тақтадан көрсетілетін əр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып біткен соң, бес саусаққа
жазылған жауаптарын
оқиды.

  • Басбармақ – өзімді қалай сезіндім?

  • Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

  • Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

  • Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай  «Қолпаштау» әдісі арқылы бағалауды жүргізіледі.

Жұмыс дəптерлері


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет