Сабақтың тақырыбы: "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Нәфрәтлі – жиіркенішті, жаман, нашар. Ғибратлі –



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі2,09 Mb.
#129397
түріСабақ
1   2   3
Нәфрәтлі – жиіркенішті, жаман, нашар. Ғибратлі – үлгілі, өнегелі, тәрбиелі. Идеясы: жамандықтан қашу, жақсылыққа ұмтылу


2-топ: «Ғалымдар» тобы
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей, сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ересеңіз.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап, ойлап, құлаққа іл.
Ақмақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі бұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Мизан – таразы – өлшем. Күпір – мұсылман емес, діннен шыққан, кәпір, басқа діннің адамы. Дүлдүл – кемеңгер, атақты. Идеясы: ақылға салып ойлану.


3-топ: «Ойшылдар» тобы
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,
Сізге айтамын, қаупім – бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап, сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл,
Ғұламаһи Дауани
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл – гүл.
Надандық – қараңғылық, білімсіздік. Ғұламаһи – ғалым, ғұлама — данышпан. Идеясы: жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу.
Дискриптор: жалпы 4 ұпай
«Сканерлеп оқу» әдісі арқылы оқушылар өлеңді оқып, өздеріне берілген өлең жолдарындағы таныс емес сөздерді кезекпен мағынасын түсіндіреді және нақыл сөздерге айналған жолдарды дәптц8еиииаиаерге теріп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет