Сабақтың тақырыбы Ғылымның рөлі



бет9/57
Дата29.09.2022
өлшемі10,35 Mb.
#40752
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Деректерді жинау және жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.4.1 нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау
5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу

Сабақтың мақсаты



нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтайды
бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді

Бағалау критерииі

өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жаза алады
аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады.
Өлшеу құралдарымен бақылаулар мен өлшемдер жасай алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Оқушылармен амандасу. Cабақта ынтымақтастық атмосферасын құру. Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.
1-тапсырма. Оқушыларға термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері беріледі. Дайын суреттер қолданып, өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жазып плакаттарды дайындайды Оқушылар осы суреттерге қысқаша сипаттама береді. Бұл қандай құрал? Бұл құрал арқылы нені өлшеуге болады?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы құралдарға сәйкес қандай болатынын оқушылардан сұрау.
Сабақтың мақсаты оқушылармен бірге анықталады, бағалау критерийлері презентацияда көрсетіледі.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері



Ортасы

Оқушыларға сұрақтар беріледі: «Сізге күнделікті өмірде өлшеулер жасау қажет болды ма? Қандай? Мысал келтіріңіз» сұрақтарын талқылайды. Оқушылардың ойлары тыңдалады.
2-тапсырма. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауаптарды схема түрінде көрсетеді:
Келесі мысалдарда қандай өлшемдер туралы сөз қозғалады:

  1. сабақ 45 минут жүреді;

  1. бөтелкеде 5 л су бар;

  2. мұз 0 °С кезінде ериді;

d) автобус 40 км жүріп өтті.
Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады. Жоспарды плакатқа жазады және «Әткеншек» әдістемелік тәсілінің көмегімен белгілер жасайды, бір-бірінен сұрайды.
«Әткеншек» - әдістемелік тәсілі:

  • Оқушылар жұмысты топта, мысалы бір нәрсенің тізбесін құрастыра отырып орындайды.

  • Кейін белгілі бір тәртіп бойынша сыныпта жылжи отырып, басқа топтардың постерлерінде белгілер немесе толықтырулар жасайды.

  • Аяқтағаннан кейін жалпы жұмыс қорытындысы талқыланады.

3-тапсырма. Топқа түрлі тапсырмалар беріледі.
Оқушылар әр түрлі аспаптармен өлшеу жөніндегі тәжірибелік тапсырманы орындайды

  1. Сызғышпен (ағаш, темір, алюминий кесектің ұзындығы, ені, биіктігі) өлшеу

  1. Термометрмен (сыныптағы ауа температурасы, бір рет қолданылатын стақандардағы суық және жылы судың температурасы) өлшеу

  2. Өлшеу цилиндрімен (су мөлшері) өлшеу

  3. Секундомермен (оқушының 10 рет отырып-тұруы) өлшеу.

Топтар өздерінің тәжірибелерінің нәтижелерін талқылап, өз жұмыстарын қорғайды.
4-тапсырма. Оқушыларға таза парақ пен сызғыш алып, ұзындығы 10-11 см түзу сызуын сұрау қажет – олар қалаған ұзындықты таңдауы мүмкін, бірақ ешкімге айтпауы тиіс. Оқушылардан қасындағы адаммен парақтарын ауыстырып, олардың түзулерін өлшеп, қағазға жазып алуы керек. Парақтарды кері қайтарып, қанша оқушының дұрыс жауап алғанын тексеріңіз.
5-тапсырма.
Оқушылар бейнефильмді көру арқылы берілген сұрақтарға жауап береді. Ол үшін алдымен сұрақтар таратылып, оқушылар сұрақты оқығаннан кейін ғана бейнефильм көрсетіледі.
Сұрақ

  1. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі қандай?

  2. Алғашында ұзындық қалай өлшенген?

  3. Метр өлшемі қалай анықталды?

  4. Алғашқы ресми метр өлшегіш қай жылы және қай қалада пайда болды?

Дұрыс жауаптар:

        1. Метр.

        2. Алғашында ұзындық адамның дене мүшелеріне негізделіп өлшенген.

        3. Солтүстік полюстен Экваторға дейінгі қашықтықтың он миллионнан бір бөлігі метр деп анықталды.

        4. Алғашқы ресми метр өлшегіш 1795 жылы Парижде пайда болды.

Оқушылар жұпқа бірігіп жауаптарын тексерді.
Оқушыларға аспаптың бөлік құны деген не екенін түсіндіру. Аспап көрсеткіштерін анықтау тәртібін қарастыру.

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды


Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет