О: Бром
Мұғалімнің сөзі: – Ия бұл элемент Бром болып табылады.
Сонымен оқушылар осы Йод, Фтор, Бром элементтері арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар және де қай топқа жататын элементтер деп сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыбымызға өтеміз. Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Галогендер». Ендеше 7-8 сыныптарда өткен білімізге сүйене отырып галогендерді периодтық кестедеден сипаттайық. Оларға қандай агрегаттық күй тән? Галогендердің металдар ма, әлде бейметалдарға жатады ма соны есімізге түсірейік.
Сабақтың мақсатымен таныстыру: М: Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
- галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау
– топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
М: Ал енді осы бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижеміз:
Галогендердің электрондық формуласын жазады
Кристалдық тор мен байланыс түрлерін анықтайды
Галогендердің топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсініп меңгеруіміз керек.
Топтарды мәтінмен жұмыстану үшін «Борт журналы» арқылы жұмыстандырамын. Ол үшін 1- топқа кітапта берілген материалды оқып шығуға, ал қалған 2 топқа қосымша деректер беремін. Материалмен танысып оқып шығуға 5 минут уақыт беріледі. Материалмен танысып болғаннан кейін осы кестені толтырып, топтан бір оқушы өздері толтырған кестені оқып таныстырады. (Мұғалім оқушылар мәтінмен жұмыстанып жатқан кезде уақытты ескертіп отырады.)
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?