Сабақтың тақырыбы Галогендер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет7/8
Дата05.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#134415
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Қосымша тапсырмалар.
 №1-есепті шығару
Бөлме температурасында судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді. Ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.
№2-есепті шығару
Көкөністерді тұздау үшін тығыздығы 1,06 г/мл натрий хлоридінің 8%-дық ерітіндісін пайдаланады. Көкөністерді тұздау үшін 20 л тұздық дайындауға натрий хлоридінің қанша массасы және судың қандай көлемі қажет?
№3-есепті шығару
Көлемі 1 л теңіз суының құрамында 27,6 г натрий хлориді, 0,8 г калий хлориді, 3,2 г магний хлориді, 2,1 г магний сульфаты, 1,3 г кальций сульфаты бар. Егер 1 л теңіз суын буландырғаннан кейін түзілген қалдықты күкірт қышқылымен өңдесе, хлорсутектің қанша массасын алуға болады?


«Допты лақтыру» әдісі бойынша мұғалім бастап бір оқушыға сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Сонда оқушылар бүгінгі жаңа сабақ бойынша сұрақ қоя алады және алған білімдері бойынша сол сыныптастары қойған сұрақтарға жауап береді. Сол арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін біле аламын.
ҚБ: /Мұғалімнің мадақтауы/

Презентация


Периодтық кестедегі заңдылықтар:


http://serc.carleton.edu/sp/mnstep/activities/19801.html
Элементтер және олардың қосылыстары химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары:
https://distant-lessons.ru/ximiya/zakonomernosti-izmeneniya-ximicheskix-svojstv-elementov-i-ix-soedinenij


Презентацияда 3-тапсырманың жауабы көрсетіледі.


Сабақтың соңы

5 минут


Рефлекция «Табыс» ағашы
Оқушылардың бүгінгі қойған мақсатымызға қаншалықты жеткенімізді және де бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижелеріміз:

  • Галогендердің электрондық формуласын жазады

  • Кристалдық тор мен байланыс түрлерін анықтайды

  • Галогендердің топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсініп меңгеруіміз керек едіғой. Осы сабақта біз нәтижеге жеттікпе? – деп сұрақ қоя отырып оқушыларға «Табыс ағашы» рефлекциясын ұсынамын.

Сабақ өте қызықты болды. Маған ұнады. Тапсырмаларды өзім орындадым.


Маған сабақ ұнады, бірақ аздап қателер болды. Маған мұғалім мен оқушылар көмектесті.


Маған сабақ қызықсыз болды. Мен тапсырмаларды орындамадым.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет