Құрлық суларындағы қандай экологиялық проблемаларды білесіздер?
Құрлық суларындағы экологиялық проблемаларын қалай шешуге болады?
Дескриптор: Құрлық суларының ластану жолдарын біледі.
Құрлық суларындағы экологиялық проблемаларды біледі.
Қ/б: Жетондар тарату
№2 тапсырма ) «Постер» әдісі. (Ж) «Түртіп алу» әдісі.Көрсетілген әдістер арқылы оқушының оқылым,жазылым,айтылым дағдылары дамиды.
І-топ."Құрлық суларының экологиялық мәселелерінің жіктелімі"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу. ІІ - топ. "Арал теңізі қасіреті"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу. ІІІ-топ."Мұздықдар еруде,сырқат Ертіс"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу. IV - топ. "Құрлық суларындағы экологиялық мәселелерді шешу жолдары"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу. Дескриптор: Құрлық суларындағы экологиялық мәселелерді жіктей алады.
Құрлық суларындағы экологиялық апаттардың туындау себебін біледі.
Құрлық суларындағы экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсына алады.
Қ/б: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жазбаша бағалау. №3 тапсырма ( "Фишбоун" әдісі
1. Өзекті мәселесі:
Құрлық суларының экологиялық проблемалары.
2.Жоғарғы" қабырға сүйектерінде" өзекті мәселенің себептері:
Құрлық суларындағы экологиялық мәселелер.Құрлық суларындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері.
3. Төменгі "қабырға сүйекшелерінде" дәлелдемелер жазылады:
Құрлық суларының экологиялық мәселелері - бұл олардың су нысандарының құрылымы мен жұмысының бұзылуына бастайтын және жағымсыз зардаптарға әкелетін адам іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеруі.Құрлық суларынадағы экологилық проблемалардың туындау себептері екі түрге бөлінеді:
құрлық су нысандарынан ресурстар алу.
құрлық су нысандарына ластанулар мен бөгде элементтерді әкеліп қосу.
Судың ластануын төмендету үшін ластаушылардың әкелетіндерін азайту, пайдаланған суды су көздеріне қайтадан құятын кәсіпорындарға су тазалайтын сүзгілер орнату, алынған суды толықтай пайдалануға қол жеткізу,тазалау іс-шаралары жүргізілгеннен кейін оны қайта пайдалану қажет.
Дескриптор: Құрлық суларындағы негізгі экологиялық мәселелерді біледі.
Дүние жүзілік экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі ұйымдарды біледі.
Қ/б: смайликтер арқылы бағалау
Оқушыларға су ластану схемасы көрсетілген сурет ұсыну.
Су қалай ластанады? Суретпен жұмыс жасау барысында суды ластайтын барлық нысандарды атап шығады. (қосымша №2)
Топпен жұмыс жасау ережелері және кластерді құру ережелерін қайталаңыз.
Әрбір қатысушының белсенді жұмысы.
Біреуіңіз сөйлесе, қалғандарымыз тыңдаймыз.
Бір-біріңізбен сыпайы болу.
Жұмыс мақсатын айқындау.
Жұмысты бөлу.
КЕЙС-СТАДИ
Талдаңыз: су ресурстарын қорғау бойынша мақаланы оқып:
• Су сипаттамасын;
• Маңызын;
• Суға қатысты екі проблеманы;
• Қазақстан суларының ластануы;
• Шешу жолдарын;
кластер арқылы құрастырыңыз.
Оқушыларға қосымша дерек ретінде беруге болады.
Судың сарқылуы мен ластануы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;
ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу;
суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.