Бөлім
|
|
Педагогтың аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Биосфера және оның құрамдас бөліктері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.3.4.1 -биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар биосфераның құрамы мен құрылымын, шекараларын анықтайды.
Басым бөлігі ағзалардың көптүрлілігін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар биосферадағы зат айналымын суреттеп көрсете алады
|
Бағалау критерииі
|
Биосфераның шекараларын анықтайды
Биосферадағы зат айналымын түсіндіреді
Биосфераның құрамы мен қасиетін сипаттайды
Биосфераға үлес қосқан ғалымдарды біледі
Ағзалардың көптүрлілігін сипаттайды
Биосфераның құрамдас бөліктерін сипаттап өз болжамын визуалды дәлелдермен қорытындылайды
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару.
Психологиялық ахуал туғызу
«Арна» әдіс.(Топқа бөлінген оқушылар алдарындағы дәптерлерін бір-бірімен жалғастырып арна жасайды. Сол арна арқылы кішкентай доп жүгіртеді. Доп арна бойынша басынан аяғына дейін домалап жету керек. Тиімділігі топтың ынтымақтастығын және бір-біріне қолдау көрсетуін нығайтады).
Топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар арқылы)
топ- Атмосфера(ақ түс)
топ-Гидросфера (көк түс)
топ-Биосфера (жасыл)
Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1
|
Ортасы
|
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
В.И. Вернадский биосфера туралы ілімінде биосфераны құрайтын заттарға ерекше мән берді. Оның тұжырымы бойынша биосфера жеті түрлі құрамдас заттардың жиынтығынан тұрады. В.И.Вернадский тіршілік атаулының негізі “тірі заттар” мен “өлі заттар” деп түсіндірді. Ол “тірі заттар ” деп, жер бетінде кеңінен таралған барлық тірі организмдер жиынтығын атады.
Жалпы, биосфера эволюциясында және күнднлікті тіршілік процесінде тірі организмдердің басты рөл атқаратындығын В.И.Вернадский ерекше атап көрсетті. Биосферада болатын заттар мен энергияның алмасуы тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекеті арқылы жүріп отырады. Жер ғаламшарында биосфера қабығының пайда болуының өзін вернадскийтірі организмдердің тіршілік әрекетімен тығыз байланыста қарастырды.
В.И.Вернадский ілімі бойынша тірі организмдердің тіршілік етуі үшін оларды қоршаған “өлі заттардың ” болуы шарт. Ол “өлі заттар” деп бастапқы тау жыныстарын атады. Қазіргі кезде “өлі заттар”дегеннің орнына “қоршаған орта” деген ұғым қлоданылады. Биосфераның құрамына бұл айтылған екі заттан басқа “биогненді заттар” да жатады. Биогенді заттарға тікелей тірі организмдердің қалдықтары және олардың тіршілік әрекектінің нәтижесінде пайда болған заттар жатады. Оған тас көмір, шымтезек, с басқа да органикалық шөгінді жыныстарды атауға болады. В.И.Вернадский биосфераның құрамды бір бөлігін “биожинама заттар” деп атады. Биожинама заттарға ірі тірі организмдердің, әрі өлі заттардың қосылуынан пайда болған топырақ, ауа, т.б. жатада. Биожинама заттар биосфера эволюциясында біртіндеп пайда болып, кейіннен тіршңлңк процесінде елеулі рөл атқарған және атқарып та келеді. Биосфераның құрамына бұлардан басқа табиғи түрдегі радиоактивті заттар, шашыранды атомдар және ғарыш кеңістігіндегі шаң-тозаңдар, метеориттер жатады. Биосферанвы құрайтын бұл атадған заттардың бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты әрі біріне-бірі тәуелді .
Қорыта айтқанда, биосферадағы тірі организмдер химиялық және геологиялық тұрғыдан да өте сирек белсенділік көрсетеді. Биосферағы негізгі биохимилық тығыз өзгерістер тікелей тірі организмдердің қатысуымен жүреді және олар сол процестерді де реттеп отырады.
|