Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. . Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларменсәлемдесу, түгендеу.
2. Көңіл – күйлерін көтеру үшін психологиялық ахуал қалыптастыру.
Көңіл күйім көңіл-күйім құбылмалы
жоқ өте жақсы
3. Топтастыру әдісі
Стикерлерге топырақ түрлерінің суреттерін жабыстырып, сол арқылы оқушылар 3-топқа топтасады.
Қара топырақ қоңыр топырақ сұр топырақ
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап
Ортасы
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).
Қара топырақты зона
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.