Сабақтың тақырыбы Географияны зерттеу нысандары



бет153/164
Дата24.01.2023
өлшемі24,14 Mb.
#62701
түріСабақ
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   164
Байланысты:
КМЖ 7 сынып

Ірі елдер: Ауданы 1 млн шаршы шақырымға тең:СуданАлжир,Ливия, ауданы 500 мың шақырымнан астам елдерге: Франция, Испания жатады.
Сонымен қатар жері өте шағын елдер бар. Мысалы, Ватиканның ауданы-1 км2, ол Рим қаласының кішкене бөлігін қамтиды. Микромемлекеттер:

  • Андорра

  • Лихтенштейн

  • Монако

  • Сан-Марино

  • Ватикан

  • Сингапур

Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай да топтастырады. Оған байланысты материктің ішкі бөлігіндегі, теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағығ архипелагтағы елдер болып бөлінеді. Дүние жұзінде теңізге тікелей шыға алмайтын 40-тан астам ел бар.

  • Материкішілік елдер-толықтай құрлықпен қоршалған немесе жағалау сызығы жабық теңіздер бойынша өтетін елдер. Мысалы: Қазақстан,Швейцария.

  • Аралдық елдер- жан-жағы сумен қоршалған құрлықта тұратын елдер.Мысалы: Мадагаскар,Индонезия

  • Мұхит жағалаулық елдер-мұхитпен еркін байланысып және мұхит суымен шайылып жатқан елдер.Мысалы:Канада,Россия, Панама.

  • Түбектік елдер-құрлықтың мұхитқа немесе теңізге сұғына еніп жатқан бөліктерінде орналасқан елдер. Мысалы:Испания,Италия,Индия.

  • Архипелагтық елдер- аралдар тобында орналасқан елдер.

Тапсырма 1.Топтық жұмыс:
Оқушылар материк ішілік, жағалаулық, түбектік, аралдық, архипелагтық және жер көлемі бойынша алып, ірі, орташа, шағын мемлекеттерді анықтайды, әрқайсысынан 5 елден табады.


Мұғалім жетелеу сұрақтары арқылы елдің географиялық орнын анықтаудың жоспарымен таныстырады
Тапсырма 2Оқушылар өздерінің таңдаған елдерін жоспар бойынша географиялық орнын сипаттайды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет