1тапсырма. Литосфералық тақталардың өзара әрекеттесуі барысында жер бедерінің пайда болу формаларына талдау жаса. Мәтінмен жұмыс. «Джиксо» әдісімен оқушылар мәтінді оқиды және топта жұптаса отырып бір-біріне түсіндіреді. Оқушыларға күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар беріледі:
А. Мәтінді оқып шығып, оның негізгі мағынасын белгілей отырып мазмұнын айтып бер.
В. Мәтінді оқып шығып, оған жоспар мен сұрақтар құрастыр.
С. Мәтінді оқып шығып, оған түсініктеме мен сын-пікір бер.
Тапсырманы оқушылар өздері таңдайды.
2-тапсырма .«Сұрақтар телпегі» әдісі арқылы литосфералық тақталардың өзара әрекеттесуі барысында жер бедерінің пайда болған формаларын талдайды..Бұл әдіс оқу мәтіні бойынша жүргізілетін жұмыс түрі болып, әр оқушы стикерге бір сұрақ жазып телпекке салады. Сұрақтар араластырылған соң, әр оқушы сұрақты алып жауап береді.
Литосфера тақталары қалай және неліктен өзара әрекеттеседі?
Дивергенция дегеніміз не?
Тақталар қандай жылдамдықпен жылжиды?
Рифт деп нені атайды?
Коллизия нәтижесінде қандай таулар пайда болды?
Ұлы шығыс Африка жарығы ұзындығы қанша?
Субдукция қандай процесс?
Мұхиттарда қандай тау жоталары бар?
Болашақта плиталардың әрекеті қандай өзгерістерге алып келуі мүмкін? Өз пікіріңіз.
Рифтинг мен спрединг арасында қандай айырмашылық бар?
критерий
дескриптор
Литосфералық тақталардың өзара әрекеттесуі барысында жер бедерінің формаларын пайда болу себептерін талдайды.
-мәтінмен танысады
-жүптаса отырып бір-біріне түсіңдіреді
-жоспар мен сұрақтар құрастырады
-түсініктеме мен сын-пікір береді
-суреттерге қарап плита әрекеттері түрлерін талқылайды