Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы



бет2/6
Дата18.07.2022
өлшемі186,03 Kb.
#37749
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Жаңа сабаққа кіріспе
2 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Сұрақтар:
1. Арифметикалық прогрессия деген не?
2. арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын
3. Арифметикалық прогрессия айырмасы деген не?



1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатыментаныстырады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.




Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

5 мин

«Ойлар ағыны» әдісін қолданып оқушыларға оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма беремін. Ондағы мақсатым: геометриялық прогрессия ұғымын біледі
-г еометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын біледі,түсінеді. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын қолданып, есеп шығарады.
«Сен білесің бе?»-тарихи мәлімет беремін.

  • Прогрессия термині латын тілінің прогиесио деген сөзінен шыққан,мағнасы –ілгері жүру.Бұл атауды алғаш рет Рим математигі Аник Боэций қолданған.Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нышаны мысырлықтар мен вавилондықтардан басталады.

  • Мысырлықтардың папирус жапырақтарына жазған есептерінің кейбіреуі прогрессиянық есептері болып табылады.Мысалы,” 10 өлшем арпаны 10 адамға бөліп бер,әр адамға тиетін арпа өлшемінің бір-бірінен айырымы 1/8 болсын.”Бұл –айырымы d=1/8 болатын арифметикалық прогрессия.Папируста 1-адамның үлесін табатын ереже келтірілген.Мысырлықтар бұл ережені қалай тапқаны белгісіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет