химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіреді;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Ұйымдастыру Кезеңі Қызығушылықты ояту 8 мин
Ұйымдастыру: «Айналдыру» әдісі Оқушылар өткен сабақ бойынша тақырып жазылған плакатқа білетіндерін жазады. Келесі топқа ұсынады, ол топ толықтырады. Жұмыстарын қорғайды.
Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау, ынталандыру.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
Жаңа тақырыпты таныстыру. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін маңызды фактор-өршіткілер(катализаторлар). Катализатордың реагенттен айырмашылығы реагент – әрекеттесуші заттар.
Химиялық реакцияны тезететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай қалатын заттар өршіткілер(катализаторлар) деп аталады.
Сутек тотығы Н2О2 сулы ерітіндіде оттегі бөліп, ыдырауы мүмкін. Дегенмен, бөлме температурасында реакция өте баяу жүретіні соншалық, тіпті ерітіндіні тұрақты деп санауға болады
Ингибиторлар – химиялық реакцияларды баяулататын заттар. Бұл заттарға металдардың жемірілуі, тамақ өнімдерінің, отындардың жағар жанармайдың тотығуы, мономерлердің полимері жатады.
Аспирин және соған ұқсас дәрілердің терапевтік әсері нақты фермент – циклооксигеназаны (ЦОГ) шектеу әсеріне негізделген. Тікелей ферментке оның каталитикалық белсенділігін азайту мақсатымен әсер ететін кез келген молекула ингибитор деп аталады.
1 тапсырма Төмендегі суретті пайдаланып
Сутегі тотығы мен марганец (IV) оксиді реакцияның жылдамдығына әсерін түсіндір.
Марганец оксиді (IV) MnО2 қосылғанда не себептен сынауықта газ қарқынды бөлінеді себебін түсіндір. Катализатордың реагентпен айырмашылығын түсіндір.
Жауабы:
Сутек тотығуының ыдырауына марганец (IV) оксиді катализденеді. Химиялық реакцияның жылдамдығына катализатор MnО2 қызметін атқарып тұр. Катализатордың реагенттен айырмашылығы реагент – әрекеттесуші заттар