Барлық оқушылар: -Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі: - Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын сипаттайды
Кейбір оқушылар: - Неке қию және тоқтатылу шарттарын өмірмен байланыстырады
Бағалау критерийлері:
-Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын түсінеді және сипаттайды
-Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді
Тілдік мақсаттары:
Диалогке арналған тармақтар: -неке қию және оның тоқтатылу шарттары туралы түсіндіреді
-неке қию және оның тоқтатылу шарттарын сипаттап, айтады
-өмірден мысал келтіре отырып, бүгінгі күнмен байланыстырады
Жазылымға арналған тіркестер: - Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын сипаттап жазады
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) , азаматтық хал актілері, неке жасы, ерлі-зайыпты.
Құндылықтарды дарыту
Отбасын сақтап қалудың жолдарын қарастыра отырып, оқушы бойына рухани тәрбие беру. Адамгершілік қасиетке баули отырып, адалдық, ізгілік қасиеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыстар
Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын өмірмен байланыстырады.
Бастапқы білім
Еңбек жағдайларымен танысты.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу арқылы, психологиялық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу: «Пазл» әдісі арқылы
Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1.Бұл суреттерден не көріп тұрсыздар?
2.Қандай қорытынды жасауға болады?