Сабақтың тақырыбы: Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?


Жаңа сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өтемін



бет28/43
Дата19.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#44077
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
ҚМЖ 9 сынып 1 тоқсан

Жаңа сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өтемін.

Оқушылар қиылған суреттердің құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.

ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы.

Пазлдар, сурет,т.б.

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс.
1-тапсырма. Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын анықтап, сипаттаңыз.
Әдісі: «Өкіл»
Өткізу формасы: топтық жұмыс
Оқыту қадамдары:
1-қадам. Мәтінмен жұмыс жасайды
2-қадам. Түсінгендерін топ ішінде талқылайды
3-қадам. Бір топ мүшесі келесі топтың жұмысын тыңдайды.
4-қадам. Өз тобына келіп баяндайды.

Осы тапсырманы оқушының қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісін қолданамын.


Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға жеке барып, сұрақ береді.
Сұрақтар:
1.Неке қию дегеніміз не?
2.Неке қиюдың қандай шарттары бар?
3.Некені тоқтату дегенді қалай түсінесіздер?
4.Некені қандай заңды органдар тоқтата алады?
5.Некені тоқтатудың шарттары қандай?


2-тапсырма. Неке қию және оның тоқтатылу шарттарын өмірмен байланыстыру
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың журналдағы реттік санына қарай жұптастырады.
«Цифрлы табло» әдісі бойынша әр жұп өздері таңдаған сандарын алу арқылы жағдаяттарды таңдап алады.


1-қадам. Әдіс: «Ойлан, топтас, бөліс»
1-топ.
Егер де сізді немесе жақын туысқандарыңыздың біреуін бұрын-көріп білмеген адам өзіңіздің келісімінсіз алып қашса бұндай жағдайда неке қиылады ма?

( Неке және отбасы кодексі. 2-бөлім. Неке (ерлі-зайыптылық)3-тарау. Неке қиюдың (Ерлі-зайыпты болудың) шарттары мен тәртібі. 9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары 1-тармағы.


Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет)


2-топ.
Р есімді баланың ата-анасы заңды түрде ажырасып кеткен. Бірақ, Р есімді бала әкесімен кездесіп, қарым-қатынас жасап тұрады. Бұл жағдайда неке тоқтатылған болып табыла ма?

14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату


2-тармақ. Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.


3-топ.
О есімді азамат жарымен некені бұзу туралы АХАТ-қа өтініш жазды. Бұл кезде жары өтініш жазбаған болатын. Осындай жағдайда неке тоқтатылады ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет