Сабақтың тақырыбы и дыбысы мен әрпі



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі23,75 Kb.
#129312
түріСабақ
1   2   3
III.Дыбыстарды бөлу
Балаларға дыбыстар көрсетіледі. Дауысты дыбыстарды қызыл үйшікке, дауыссыз дыбыстарды көк үйшікке апаруы керек. 
Баспа түрі мен жазба түрін анықтау.

Шаттық шебері
Тақтада 8 сан көрсетіледі.
қызыл, көк үйшік тақтаға ілінеді, әріптер болады

Сабақтың ортасы
(30 мин)

IV. Жаңа сабақ
Балалар, қазір үй жануарларына саяхаттап келейік. Саяхатымызды бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Табанынан тыз етiп,
Жүрсе дағы сыз өтiп.
Күнi-түнi ерiнбей,
Үйдi жүрер күзетiп.
- (Ит)
- Балалар, Ит сөзінде алғашқы қандай дыбысты естіп тұрмыз?
- «Ии» дыбысын айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап тұр ма?
- Жоқ.
- Демек, қай дыбыс түріне жатқызамыз?
- Дауысты дыбыс
- И дыбысының артикуляциясын көрсету. И дыбысын айтқанда жымиып, ерін арасы алшақ болады. Тісіміз бір-біріне тимейді. Тіліміз тістің ортасында орналасады.
- Балалар, «Ии» дыбысы сөздің басында, ортасында келеді. Мысалы, ит, ине, шие, тиін .
- Енді осы сөздерді буынға бөліп, «Ии» әрпінің орнын белгілейікші.
- Ит - бір буын, И дыбысы сөздің басында кездесіп тұр, Тиін - екі буын, сөздің ортасында кездесіп тұр.
V. Дыбысты қағып алу(Балалар шапалақ ұрып анықтауы тиіс)
«Ии» дыбысының сөздің басында, ортасында кездесетінін анықтау.
Балалар “И” дыбысын әріпте, буында, сөзде табуы тиіс.
- Енді балалар, “И” әрпін жазып көрсетейік. Ол үшін мына таяқшаның көмегіне жүгінейік.
VI.Қыс қызығын түсіндіру
VII. Сергіту сәті
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
«Есік» жаттығуы.
VIII. Дыбыстық талдау
- Ал, балалар, сергіп алсақ, «Тиін» сөзіне дыбыстық талдауды бірге жасайық.
- «Т» қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- «И» қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс.
- «І» қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс
- «Н» қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Қане, апаймен бірге кім жасады, тексерейін.
Оқушылардың дыбыстық талдауы тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет