Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Қазақ шешендік өнерінің ХV–XVIII ғасырлардағы бір көрнекті
өкілі туралы қосымша ресурстар бойынша ақпарат жинақтап, презентация дайындайды.
|
Дескриптор:
-Мәлімет іздейді.
-Презентация дайындайды.
Жалпы – 5 балл
|
Оқулық
|
Жұптық жұмыс.
|
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Қосымша ресурстар бойынша қазақтың шешендік сөздері туралы «Тауып айтқан Төле би» тақырыбында шағын шығарма жазады.
|
Дескриптор:
-Шағын шығарма жазады.
-Пікір алмасады.
-Өз пікірін дәлелдейді. Жалпы- 5 балл
|
Оқулық
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|