Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын ауызша тексеру.
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:
-Жай бөлшек дегеніміз не?
-Жай бөлшектің неше түрін білеміз?
Топқа бөлу: Бөлшектердің түрі бойынша топқа бөлу. «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» бойынша 3 топқа бөлінеді. Оқушыларға әр түрлі түсті қағаздарды таңдайды, қағаздардың артында дұрыс, бұрыс бөлшектер мен аралас сан деп жазылған.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар таңдап алған қағаздардағы бөлшектердің түрлері бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын таңдайды.
|
|
Үлестірмелі қағаздар
Әр түрлі түсті қағаздар
|