Сабақтың тақырыбы: Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы



бет22/28
Дата02.06.2023
өлшемі1,61 Mb.
#98348
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Сәуле шығару дозасы
Сәуле шығарудың тірі организмдерге тигізетін әсері шығарылған сәуленің дозасымен сипатталады. Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп иондаған сәуле шығарудың жұтылған Е энергиясының сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады:

Бірліктер жүйесінде сәуле шығарудың жұтылған дозасын грэймен (қысқаша: Гр) өрнектейді. Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаған сәуле шығарудың 1 Дж энергиясы берілгендегі сәуле шығарудың жұтылған дозасы 1 Гр-ге тең:
Радиацияның табиғи реңкінің (ғарыш сәулелері, айналадағы орта мен адам денесінің радиоактивтігі) бір жыл ішіндегі сәуле шығару дозасы әр адамға 2•10-3 Гр шамалас болады. Радиациядан қорғаудың Халықаралық комиссиясы сәуле шығарумен жұмыс істейтін адамдар үшін бір жыл ішіндегі шектік дозасын 0,05 Гр деп тағайындайды. Қысқа мерзім ішінде алынған 3-10 Гр сәуле шығару дозасы өлім қаупін туғызады.


Организмді сәулеленуден сақтау
Кез келген радиация көзімен (радиоактивті изотоптар, реакторлар т.б.) жұмыс істегенде сәуле әсері бар аймаққа кездесіп қалу мүмкіндігі бар адамдардың бәрінің радиациядан қорғаныс шаралары орындалуы талап етілуі қажет.
Қорғаныстың ең қарапайым әдісі - қызметшіні сәуле шығару көзінен жеткілікті қашықтыққа алыстату. Тіпті ауадағы жұтылуды есептемегеннің өзінде радиацияның интенсивтігі жарық көзінен қашықтықтың квадратына кері пропорционал болып кемиді. Сондықтан радиоактивтік препараттары бар ампуланы қолмен ұстамау керек. Ұзын сабы бар арнаулы қысқыштарды пайдаланған жөн.
Сәуле шығару көзінен өте алыстап кетуге мүмкіндік болмаған жағдайда сәулелерден сақтануға арналған бөгетті жұтатын (сіңіргіш) материалдардан жасайды.
Өтімділік қабілеті күшті болғандықтан, - сәулелер мен нейтрондардан қорғану анағұрлым күрделі, -сәулелерді ең жақсы жұтқыш қорғасын болып табылады. Баяу нейтрондарды бор мен кадмий жақсы жұтады. Шапшаң нейтрондар алдын ала графиттің жәрдемімен баяулатылады.
Чернобыль АЭС-індегі апаттан кейін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік энергетикалық реакторларлардың қауіпсіздігі бойынша қосымша шаралар қабылдауға ұсыныс жасады. Бұл қосымша шаралар бір киловатт-сағат электр энергиясын алуға жұмсалатын шығын мөлшерінің біршама артып кетуіне әкеліп соқты. АЭС-те жұмыс істейтіндерге қатаңырақ тәртіп тағайындалды.
Чернобыль АЭС-індегі апат радиоактивті сәулелердің аса қауіпті екенін көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет