автор бейнесіне шығарма үзінділерін байланыстыра талдау жүргізеді;
«Әткеншек» әдісі Топ оқушылары бірлесе жүріп, әр топтың жұмысымен танысады, топ болып талқылайды, қажеттілігіне қарай толықтырады.
Кері байланыс Қай жауап көңіліңізден шықты? Неліктен?
(Оқушылар өзінің жеке пікірін білдіруге, бағалауға мүмкіндік алады.)
Тапсырма. Жұптық жұмыс. Жырда берілген үзінді туралы өз ойыңызды,
пікіріңізді білдіріңіз.
Ендігі жерде сөйлейін
Болған істі бастағы.
Бәрі де жау боп көрінді
Алатаудың тастары.
Елден бұрын Нысанбай
Жоқ сұмдықты бастады.
Қобызы қалды қосында,
Түзеді бетін қашқалы.
Өз басын алып құтылмақ,
Іздемеді басқаны.
Алты ай шауып жол болған
Шу менен таудың арасы.
Бұл сапарда қазақтың
Болмады қабыл тәубасы.
Рүстем менен Сыпатай –
Дулаттың нағыз баласы
Үндес болды қырғызбен,
Әне, ауыздың аласы!
Он екі мың дулатты
Қашырды түнде, расы.
Жамандық қылған мұндардың
Мойнына болсын жазасы.
Қазақтың көбі қырылды,
Қанды ма екен табасы?!
Бағалау критерийі
Дескриптор
автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды;
Жырда берілген үзінді туралы өз ойын,
пікірін білдіреді.
Кері байланыс Ақынның бұдан кейінгі тағдыры қалай өрбіді? (Оқушылардың болжамы, оқыған мәліметтері туралы сұралып, қосымша ізденуге тапсырма ретінде беріледі.)