Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?»



Дата31.01.2023
өлшемі15,85 Kb.
#63989
түріСабақ

Күні :05.03.2019
Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?» Интеллектуалды ойын.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, топтық, ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру.
Міндеттері:
Қабілетті оқушылардың негізгі пәндерден білім деңгейін анықтау.
Танымдық ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, ой-өрісін арттыру.
Оқушыны ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.Уақытты үнемдей отырып, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, «миға шабуыл» стратегиясы.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар !
2-сынып оқушыларының «Кім жүйрік?» атты интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер!
Халқымыз жан-жақты адамды «Сегіз қырлы бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Олай болса,2-сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салады.

Ғылымның сырын ұғына,


Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өреңді
Білімнің нәрлі сырына!-дей келіп, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз!

Өнер менен білімде


Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, -дегендей, білімпаз сайыскер топтарын таныстырайық.
I-топ: «Қыран» 2 «А» сынып оқушылары
II-топ:«Тұлпар» 2 «Ә» сынып оқушылары
-Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Әділқазы бағалайды сіздерді.
Жеңіс-мәре жақын ба, әлде алыс па?-демекші қазылар алқасымен таныстырайық.
-Енді, сайыс кезеңдерімен танысайық
Сайыстың шарты
1.Таныстыру (аты, ұраны,төсбелгісі)
2.«Кім көп біледі?»
3.«Жеті жұрттың тілін біл»
4.«Сөзден сөздер шығару»
5.«Капитандар сайысы»


1-кезең.Таныстыру
2-кезең: «Кім көп біледі?»
-Әр топқа математика пәні бойынша сұрақтар қойылады.
«Қыран» тобының сұрақтары:
1.Барлық қабырғасы тең фигура қалай аталады? (шаршы)
2. Қабырғасы 3см –ге тең шаршының периметрін тап. (12см)
3. х-35=25 Теңдеудің шешуін тап.
4.1м 3дм 5см неше см-ге тең? (135см)
5.Логикалық есеп: Бір топ үйрек ұшып барады.Олар барлығы бесеу.Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? (біреуі, өйіткені қалғандары ұшып кетеді.)
«Тұлпар» тобы
1.Қарама-қарсы қабырғалары бірдей фигураны ата. (тік төртбұрыш)
2. Ұзындығы 4см, ені 2см тік төртбұрыштың периметрін тап. (12см)
3.60-х =35
4.1м 5дм 3см неше см-ге тең? (153см)
5. Ағашта 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Ағашта қанша құс қалды? (11)


3-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»


«Қыран» тобы
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5.Қабаат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама


«Тұлпар»тобы:
1. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
2. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
3. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
4. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
5. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


4-кезең: «Сөзден сөздер шығару»
«Қыран» тобы .Қарлығаш
«Тұлпар»тобы .Тоқылдақ


5-кезең .«Капитандар сайысы»


«Қыран»тобының капитанына
1. Аптаның бірінші күні? (дүйсенбі)
2. 30+30+30 неше болады?(90)
3. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?(жуан, жіңішке)
4. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
5. Күзде жапырақтар қайтеді?(сарғаяды)
6. 10 саны неше таңбалы сан?(екі)
7. Өсімдіктің жер асты мүшесі?(тамыр)
8. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір)
9. Жылқының төлі қалай аталады? (құлын)
10. Халықаралық әйелдер күні.(8 Наурыз)
«Тұлпар»тобының капитанына

1. Аптаның екінші күні? (сейсенбі)


2. 20+20+20 неше болады? (60)
3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді??(қатаң, ұяң, үнді)
4. Бір ғасырда неше жыл? (100)
5. Қыста не жауады?(Қар)
6. 100 неше таңбалы сан? (3)
7. Өсімдіктің тыныс алу мүшесі? (жапырақ)
8. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ)
9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)
10. 22-НАУРЫЗ қандай мейрам?(НАУРЫЗ)
Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, оқушыны марапаттайды.

-Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


-Бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып қатысқандарыңызға көп рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет