VІІ Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты бекітемін.
Онегин мен Татьянаның махаббатын Абай өз сөзімен қалай жеткізген?
Аударманың бірнеше шумағын жаттаңдар, түсінігін өз сөздеріңмен жеткізіңдер.
Аудармада кездесетін кірме сөздерді тауып, этимологиялық талдау жасаңдар.
VІІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
ІХ Үйге тапсырма:
"Онегиннің өлердегі сөзі" өлеңі. Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі туралы түсінік.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Тексерілді:
Күні: 27.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин еңбектерімен танысуы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайтану оқулығы, көркем әдебиеттер, Абай аудармалары, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |