ІV Сабақты бекіту:
Тапсырмалар:
Абай шығармашылығына батыстың ықпалы.
Аударма тіліне талдау жасаңдар.
Абай өз халқының ғасырлар бойы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарғандығын дәлелдеңдер.
Іздендіру тапсырмасы.
Абайдың батыс әдебиетімен байланысы туралы мәліметтер жинақтаңдар.
Абай аудармаларының түпнұсқасын тауып салыстырыңдар.
V Үйге тапсырма:
Абай және батыс әдебиеті туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 10.11.2015
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дж.Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Дж.Байроннан «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайтану оқулығы, көркем әдебиеттер, Абай аудармалары, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |