Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты



бет6/57
Дата17.10.2022
өлшемі236,51 Kb.
#43691
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі. 


Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Абай өмір сүрген заман туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.

  1. Абайдың өмір сүрген заман қандай кезең болды?

  2. Осы кезеңде оқу-білім қандай сипатта болды?

  3. Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның қай аудандарында едәуір жақсы жүргізілді?

  4. Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге атсалысқан, реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу системасын сақтауды қолдаған қандай ақындар?

  5. Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы шыққан ақындар тобы.



ІІІ Жаңа сабақ.
Абай туралы даналық ой пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». 
А.Байтұрсынов


2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым».

М.Әуезов 

3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті». 
Н.Ә.Назарбаев


4. «Өз Отанының сом алтыны».
Ә.Бөкейханов


5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ». 
М.Дулатов


6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» .
М.Жұмабаев

7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет