Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты



бет9/57
Дата17.10.2022
өлшемі236,51 Kb.
#43691
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
Абайтану қмж

Сыныбы: 9-сынып


Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: Абай тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

  2. «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.



ІІІ Жаңа сабақ.
Сыныпты екі топқа бөлу.
1топ. Талап, еңбек, терең ой…
2 топ. Жасымда ғылым бар деп ескермедім…
Кіріспе.
Мұғалім:
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу — әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген ізгілік педагогикасы ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін заманның өзі дәлелдеп отыр» деген болатын.
Ойы сергек, қаламы жүрдек сыншы Сағат Әшiмбаев 1988 жылы жазған «Абай тағылымы — азаматтық тағылым» атты мақаласында былай деп едi:
«…Абай тағылымын тұту дегенiмiз – Абай тағылымынан шындап үлгi-өнеге алу, тәлiм-тәрбие көру. Абай айтқан: жаныңа жара салар жамандықтардан, яғни кеселдi кесапат мiнездерден бойыңды да, ойыңды да көш бойы аулақ ұстау, оларға жол бермеу, жол бергенге «сенiкi жөн» дегендi айтпау деп бiлемiз… Абай тағылымынан үйрену деген сөз – өмiрiңе және өзгелерге де Абайдың көзiмен әдiл баға берудi үйрену, барыңды да, жоғыңды да Абай таразысына салып өлшеп көру. Абай көрсеткен кемшiлiктерге кеңшiлiк бермеу дегендi баса айтқымыз келедi. Абайдың бiзге беретiнi сол, бiздiң одан тек батпандап ала бiлуiмiз ғана.
Абайсыз өмiр сүру – рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-ой мешеулiгiнен, сезiм жұтаңдығынан, жазылмас жан жарасының қасiретiнен арыла алмау деген сөз. Барлық гәп осында жатыр… Бiр сөзбен айтқанда, Абай тағылымы – өте ауыр тағылым. Сондықтан да оны ерiксiз мойындауға тура келедi, өйткенi ол бәрiбiр мойындатпай қоймайды».
Тахауи Ақтанов Абайдың ақындығы жайында әңгiмелесе қалғанда: «Мен Абайды ендi-ендi түсiнiп жүрмiн. Өлеңдерiн оқыған сайын бiр жаңалық ашқандай боламын» деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет