Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты



бет25/57
Дата17.10.2022
өлшемі236,51 Kb.
#43691
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
Абайтану қмж

Көңілім менің қараңғы
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейістің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!


ІV Сабақты бекіту:

  1. Мәнерлеп оқу. Оқушылар өлеңдерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқиды.




  1. Талдау. Оқушылар өлеңдерді құрылысына қарай талдайды.

Қараңғы түнде тау қалғып
Қа-раң-ғы түн-де // тау қал-ғып, 8 а
Ұй-қы-ға ке-тер // бал-бы-рап. 8 б
Да-ла-ны жым-жырт, // дел-сал қып, 8 а
Түн ба-са-ды // сал-бы-рап. 7 б

Шаң шы-ғар-мас // жол-да-ғы, 7 а
Сіл-кі-не ал-мас // жа-пы-рақ. 8 б
Тын-шы-ғар-сың // сен-да-ғы, 7 а
Са-быр қыл-саң // а-зы-рақ. 7 б
2 шумақ, 8 тармақ, 2 бунақ, 7-8 буынды, шалыс ұйқаспен жазылған.


Көңілім менің қараңғы.
Кө-ңі-лім ме-нің // қа-раң-ғы. // Бол, бол, а-қын! 12 а
Ал-тын-ды // дом-бы-раң-мен // кел-ші жа-қын. 11 а
І-шек бой-лап // он сау-сақ // жор-ға-ла-са, 11 б
Бе-йіс-тің // ү-ні шы-ғар // қо-ңыр сал-қын. 11 а
Е-гер со-рым // тү-бі-мен // ә-кет-пе-се, 11 а
Ке-рек қой // кө-ңіл-ді ү-міт // те-бі-рент-се. 12 а
Қа-тып қал-ған // кө-зім-де // бір там-шы жас 11 б
Тө-гіл-мей ме, // бой жы-лып, // ол да е-рі-се?! 12 а
2 шумақ, 8 тармақ, 2 бунақ, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.


V Үйге тапсырма: Өлеңдерді жаттау, құрылысына қарай талдау.


Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:


Күні: 17.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет