ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Бұқар жырау «бірден онға дейін санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады? Оның мағынасы қалай екен?
2.Қазыбек би шешен тілімен қалай жауап берді?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сырым мен Малайсары
Сырым ат жалын тартып жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.
Сырым жайласып отырғаннан кейін:
-«Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең», деуші еді. Сізге сәлем беріп, бата алғалы келдім, - депті.
Малайсары жүзі жадырап, шешіліп сөйлеп кетіпті:
-Жайыңа енді түсіндім, балам. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар?»дейді халық. Топқа керіп сөз бастайтын, атқа мініп қол бала екенсің . «Асыл тастан, ақыл жастан» деген. Азуын алдырып, ақылын шалдырып отырған шалдан не сұрайсың? Бітпеген ісім көп...
-Ол қандай іс?
-Біздің Байұлының барымтаға барған бір жігітін Әлімнің кісілері өлтіргелі үш жыл болды. Сол ердің құны әлі жоқтаусыз... «Ердің құнын жастың жайсаңы не қартың шайтаны даулайды» дейді екен бұрынғылар. Қартайғанда қазымыр атанып, Әлімнің Ақсауыт биіне бара алмадым, жастан жайсаң шығып, ағасының құнын сұрай алмады. Ел арасы дүрдараз болып бүлініп барады, жапсарлас отырған ел бір – біріне қатынасудан, қыз алып, қыз беруден қалды.
-Онда, ата, осы тапсырмаңызды орындап келіп сөйлесейін!-деп Сырым аулына қайтып кетеді. Қасына елдің басты адамдарынан он шақты кісі ертіп, Әлім руының ақсақалы Ақсауыт бидің алдына келеді. Сырым Малайсары бидің айтқандарын жеткізеді. Сонда Ақсауыт би:
-Бала сөзіңе сендім. Байұлының бір жігіті біздің елдің малшыларынан жазым болуы рас еді. Ердің құны мың қой, үлесе келсе, үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп қалады деп жүргенім жоқ, жоқтаушысы кездеспей жүр еді. Іздеушісі болса, табылмас жоқ болмайды. Билігін өзіңе салдым, төрелігін айта ғой, - дейді.
-Бір қора қойдың бір жазғы төлімінен біз де Байұлын байытайын деп келгеніміз жоқ. Ағайын арасындағы қатынасты қалпына келтірейік деп келдік. Егер билікті маған берсеңіз, жорта емес, жортуылда маған «жазым» деп отырсыз ғой. Ерімнің құны жарты құн болсын және қой емес, қозы емес, елу жылқы болсын,-деген екен Сырым.
Достарыңызбен бөлісу: |