Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Өлеңді кешенді сатылай талдау



бет13/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Өлеңді кешенді сатылай талдау
Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Алғаш рет  1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1954 жылғы жинақта 12-жол «Бір күн тыртың етеді,бір күн жыртың»делінсе, 1939, 1945, 1957 жылғы басылымдарда «Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың»болып алынған. Нұрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта 13-жол «Өз басына би болған өңкей қыйқым» болса, кейінгі басылымдарда «Бас-басына би болған өңкей қыйқым» деп берілген. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Сабақт ы қорытындылау
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде - ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн - бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет