Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет14/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
лекция абайтану

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 11 Күні, айы:жылы: 20.10.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңінің мазмұнымен таныстыру; Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;Оқушыларды Ұлы ойшылдың даналық дариясына бойлату, терең ойлармен сусындату, дүниетанымдық көзқарасын айқындауды Абайша дүниеге сыншыл көзқараспен қарауға үйрету. Абай өлеңдерін терең меңгерту, өлеңді мәнерлеп жатқа айту мен әдеби терең талдауға бейімдеу.
Сабақтың түрі: өнеге сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,баяндау,сұрақ- жауап,мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті,өлеңдер жиағы,нақыл сөздері
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жаңа сабақ Абай Құнанбаевтың «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі
Мағынаны тану
Жақсы болу-өзіңнен,
Жаман болу-өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла,
Жамандық көрсең, біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла,
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің-ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы. 
Жақсылық ұзақ тұрмайды Өлеңді бір оқушыға мәнерлетіп оқыту

Жамандық әркез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,

Қос тізгінді созбайды.

Қос тепкіні салсаң да,

Уайымнан озбайды.

Бір қайғыны ойласаң,

Жүз қайғыны қозғайды.

Жер қорығыш желгек шал

Желіп жүріп боздайды.

Құрсаған бұлт ашылмай,

Аспанның жүзі көгермес.

Үрпиген жүрек басылмай,

Талапты көңіл елермес.

Шырайды қайғы жасырмай,

Күлкінің ерні кезермес.

Шыдасаң есті қашырмай.

Құлдатып, қор қып жібермес.

Кез келсе қайғы қат-қабат,

Қаңғыртпай қоймас адамды.

Қасиетсіз туған — ол да жат,

Күңкілдеп берер сазаңды.

Бәрінен де сол қымбат,

Қайтерсің өңкей наданды.

Сыпыра батыр сұм құрбәт
Мақтанмен алды мазамды.



Талдау

  • «Жақсы болу -өзіңнен, Жаман болу-өзіңнен» деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?

  • Ақынның «Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын? деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?

  • Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар?

Сол сәтте қандай сезімге бөлендіңдер?
-Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет