Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


«Қазақ» газеті 1913 жыл. Сабақты қорытындылау Абайтану Сыныбы: 11 Күні: 18.05



бет50/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
«Қазақ» газеті
1913 жыл.
Сабақты қорытындылау


Абайтану Сыныбы: 11 Күні: 18.05. 2018 ж.
Сабақ тақырыбы: Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
Мақсаты:Ақын шығармашылығы, оның туындыларының ерекшелігін түсіндіру, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығының қазақ әдебиетіндегі орнын ұғындыру. Шығармаларына шолу жасау арқылы автордың өзіндік бейнелеу, суреттеу тәсілін, жырларындағы реалистік сарынды тани білу арқылы саралай білуге дағдыландыру.

Негізгі идея:Көркем әдебиетке, эстетикалыќ талғамға, тіл мәдениетіне тәрбиелеу. 
Сабақ түрі: таным сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілігі: интерактив тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, тарих, география
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ: Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы



Абай поэзиясының тілі – қазақ әдеби тілінің дамуындағы жаңа белес.. Қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін Абай поэзиясында ғана кездестіргенімізбен, олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да ақынның аттап өтуі мүмкін емес. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, оларға жаңа сапалық белгілер қосу – ұлы ақынның тіл дамуында айрықша қызмет еткен каламгердің еңбегі. Бұл жерде Абай өзіне дейінгі дамыған, халықтың эстетикалық-рухани сұранысын сан ғасыр бойы өтеп келген қазақ поэзиясы тілінің жалпы заңдылықтарын сақтай отырып, қазақ өлең сөзіне орасан көп өзгеріс-жаңалықтар енгізді деп кесіп айтуға болады. Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды жеке-жеке талдаған жөн: 1) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық (творчестволық) контекст дегеннің Абайда айқын көрінуі; 2) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер; 3) айқындық пен дәлдік; 4) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер; 5) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру; 6) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер. Бірінші. Абайда өз қолтаңбасының (шығармашылық кон-текстің) айқын көрінуі. Абай, Пушкин сияқты, әдебиеттің, яғни өлеңнің іші «поэтикалық ойға»–«идеяға» толы болуы­на күш салды. Ойға, мазмұнға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттірді. Сондықтан да Абайда өлең мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін элементтердің айқындала, көріне түсуі басым, яғни Абайдан «шығармашылық контексті» көре аламыз. Шығармашылық контекс дегеніміз – жазушының көркемдік-бейнелеуші түр-тұрпатын тікелей көрсететін тілдік фактілер жүйесі болса, бұл тұрғыдан келгенде, Абайдың тілі өзіне дейінгі, өзімен тұстас қазақ көркемсөзі тілінен ерекшеленіп тұрады. Абайдың өз қолтаңбасын сипаттайтын мынадай тілдік фактілерді көрсетуге болады: 1) Абай қаламына бір ұғымды (объектіні) әр алуан тұрғыдан айқындау, ол үшін дәстүрлі эпитеттерді де, жаңаларын да пайдалану тән. Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық жүрек, ауру жүрек дегендерінде кәнігі тұрақты эпитеттерді жұмсаса, асау жүрек, асыл жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, үрпейген жүрек, қырық жамау жүрек дегендерінде жаңа белгілерді, тосын эпитеттерді келтіреді. Абай тіліндегі тың эпитеттер – бір жағынан, ауы­спалы мағынада келтірілген образды сөздер. Мысалы, сүтпен енген надандық, аума-төкпе заман, қырмызы қызыл жібек бозбала, нұрлы сөз, нұрлы ақыл дегендердегі анықтауыштар – өздері қатысты нәрселердің (надандық, сөз, ақыл) бойлары­на тән сындары емес, ауыспалы мәнде бейнеленген сөздер. Ал, екінші жағынан, Абай қолданған эпитеттердің көпшілігі заттың, нәрсенің, құбылыстың тікелей сыр-сипатын көрсететін нақты сындар болып келеді: ыңғайлы ықшам киім, күркіреп жатқан өзен, шұрқырап жатқан жылқы, түсі суық сұр бұлт, дымқыл тұман, жарық ай, желсіз түн. Бір объектіні әр қырынан анықтау арқылы Абай сөздің метафоралық қызметін ұлғайтады, олардың тіркесу мүмкіншілігін кеңейтеді. 2) Абайдың өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің және бірі – экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, өз заманда­стары – болыс пен пысықтар бар ма, «әсемсіп, сәнсіген» кер­без, керімдер бар ма, «бойы былғаң, сөзі жылмаң» ауылдаста­ры бар ма, «салақ, олақ» «Масақбайдың қатындары» бар ма – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беру үшін жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және бір ерекшелігі – оларды көбінесе өткен шақ көсемше тұлғасында пайдаланады. Мысалы, бір ғана «Болыс болдым, мінекей» де­ген өлеңінде Абай болыс, шабарман, пысықтардың портретін жасау үшін далпылдап, жалпылдап, барқылдап, бартылдап, шаңқылдап, аңқылдап, тарпылдап, қарқылдап, шартылдап, тарпылдап, лепілдеп, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап, жымыңдап деген жағымсыз бейнелі етістіктерді келтіреді.
Қорыта келгенде, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық жағынан өзгеріс-жаңалықтар қосты деуге болады, осы арқылы ол қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет