Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, үйғыр т. б. тілдерге аударылған



бет22/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
лекция абайтану

Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, үйғыр т. б. тілдерге аударылған.


«Болыс болдым мінеки» өлеңі
«Болыс болдым, мінеки...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Көлемі 148 жол. Ақын бұл шығармасында малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік-психологиялық кескінін жасайды. Өлеңнің мағыналық құрылымында бірнеше тұлға бар: а) болыс; ә) ояз; б) ел. Бұл үш тұлғаның бастысы - болыс. Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі көрсетіледі. Малын шашып, шығынға батса да, оның бар тілегі болыс болу. Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды; езінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Сыртқы жұртқа сыр бермей, сырбаз жүргенмен, сыяз бар деген хабарды құлағы шалса-ақ, жүрегі суылдап, мазасы қашады. Өйткені сыяз болса, елге ояз келеді. Елге ояз келсе, болыстан тыныштық кетеді: ылау дайындау, үй тігу, сый-сияпат жасау, бағып-күту - бәрі де болыстың не өзі жасайтын, не елге жасататын ісі; егер оязға не ісі, не өзі ұнамай қалса, онда болыстықтан түсіп қалуы да қиын емес. Өлеңнің екінші мағыналық бөлігінде болыстың сыяз үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстары баяндалады. Оязбен оңаша қалған болыс елін мақтарға сөз таппай, ықылас танытпай, өлдің ел болып отырғаны өзінің, қала берді - ояздың арқасы екендігі туралы ойды шиырлай беретін болса, елімен, жұртымен бетпе-бет келгенде, оязға өзі сенімді, сөзі өтімді кісімсіп, ел мүддесін қорғай жүрген адамға ұқсап маңызданып, сыртқы жүнін қампитып шыға келеді. Алайда сыяз үстінде болыс та, ояз да ел ішіндегі дау-шардың бірқатарын халықтың, халық билерінің қатал талабы бойынша әділ шешуге мәжбүр болады. ;оның нәтижесінде болыстың өз малым, оз мүлкім деп иеленіп қалған мал-мүлік иелеріне қайтарылып беріледі. Сөйтіп, болыстың арты шөмейіп, шыға келеді. Өлеңнің келесі мағыналық бөлігіңде болыстың сыяз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі хәлі бейнеленеді. Әуелден артының қуыстығын білген болыс сыяз бітсе де, елінің ұрысы мен қарысын тиып, телі мен тентегін жөнге саларлық ірі іске бара алмайды. Ел алдында ояз барда жасаған қылығын ояз кеткеннен соң жасай алмай, кәкір-шүкір, көр-жерді пайда керіп қала береді, келесі сайлауда бүл күніне де зар болып қалардай қиналады. Ақын болыстың өз күйін әзіне баяндатып қана қоймайды, оның ел туралы ойларын да аша түседі. Болыс өзі билеп отырған еліне көңілі толмайтынын айтудан да тайынбайды. Табанынан тозып, жүгіріп жүруі, ел ішіндегі істерге ояздың разы болмай, шартылдап ашу білдіріп жатуы - бәрі де, оның ойынша, елінің бұзықтығынан. «Қайтіп көмек болады, Антұрған өңкей ұры-қары?»-деп күйіне отырып, болыс өзінің бұл елді ұстарлық кісі еместігін де айтып салады, өзін бұл азапты, рақатсыз істен құтқарушы іздейді. Сөйтіп ақын ел басқарған кісінің ісі мен ойының барша маңызы мен мәнін толық ашып береді. Іс, оқиға желісі мен ой жүйесін болыс болған кісінің өз атынан баяндау тәсілі ақын шығармасының көркемдік-эстетик. бітімін әрлеп, көркейте түскен. Өлең 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.
ІV. Сабақты пысықтау
1. "Кім жылдам " топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/



І топ
Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе - дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
ІІ топ

Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет