Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет23/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Байланысты:
лекция абайтану

Үй тапсырмасы:
Өлеңдерден үзінді жаттау



Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі оқушылардың білімдерін тереңдету,білімдерін толықтыру; оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша жәнеауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту,мәтіннің негізгі ойынтүсінуге үйрету,өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету;мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқумен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: Мен жақсы адам боламын.
Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын
Маған қажет --білім. Өмірден өз орнымды табамын.
Жаңа сабақ
Абай Құнанбаев «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі
Мағынаны тану
Көзінен басқа ойы жоқ...» - Абайдың1891 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы
4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Сыншылдық сипатта, сықақтық леппен кестеленген. Абайдың мешеу, мәңгүрт болып қалмаса екен деп, ел-жұртын үнемі енерге, оқуға үндегені, ағартушы болғаны, өнерсіздікпен, білімсіздікпен еш ымыраға келмегені белгілі.
Бұл өлеңінде де ақын надандықты, ойсыздықты мансұк еткен. Оның айтуынша, маңдайдағы көздің ғана болуы жеткіліксіз, адамның жүрек көзі, зерде көзі болуы керек. Ақыл, парасат көзінің болмауы - надандық. Ой көзі, көңіл көзі болса ғана, адамға шындық сәулесі түседі, сол арқылы адам іштегі кірін тазартса ғана, оның кеудесі нұр сандыққа, сыр сандыққа айналады.

Абай өз тұсындағы кейбіреулердің ой-сезімінен мақрұм қалып, тек екі көзіне мәз боп, әлдеқандайсып жүруіне таңырқайды. Қараңғылық пердесі надандардың көңілін басып тұр, ақылдан адыра қалған олардың есіл-дерті - тек қу тірлік деп күйінеді. Тағы айтатын бір жай - сол тұстары жұрт қатардағы қарапайым адамдарды ғана қараңғы, надан деп біліп, дін иелерін надан деп айтуға ауыздары бармайтын. Оларды оқыған, тоқыған, көп білетін ғұлама деп тұсінетін. Сондай қалыптасқан ұғымды Абайқорықпастан «дағарадай сәлдесі» бар молдалардың өзін надан, «кітапты теріс оқиды», «малқұмар көңілдері бек соқыр» деп жоққа шығарады. Мұның үстіне олардың жебірлігін жыртқыш «бү
ркіттен кем емес» деп әшкерелеген. Ақын өлеңінің түйіні - болмысты айқын көрер жүрек айнасы болмаса, басқаның бәрі бос сөз.
Өлең негізінен 8 буыннан тұрады, кей жолдары ғана 7, 9 буын ұйқасы -а, -б, -а, -б. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұ
лының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет