Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет36/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Сабақты бекіту. Абайдың «толық адам» ілімі туралы не білдік?
Қорытындылау

Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні: 23.02.2018 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Толық адам» философиясының тәрбиелік мәні
Сабақтың мақсаты: Жүсіп Баласағұнның «Жәуәнмәртлік»,А.Йассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктері және дәстүр жалғастығы туралы мәлімет беру.
Ақын мұрасы арқылы ,оның толық адам тағылымы негізінде оқушыларға адамды сүю,оны құрметтеу,биік адамгершілік,елжандылық,имандылық, ізгілікті мансұқ ету,өзін-өзі тануына,бірін-бірі тәрбиелеуге ықпал ету.Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдай отырып,ақыл,қайрат,жүрек ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге,адамның ішкі жан дүниесін түсіне білуге,өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге баулу,
Оқушыларды Абайдың «толық адам» туралы ұстанымдарымен таныстыру.
Сабақ түрі: таным сабақ
Әдіс - тәсілі: «Миға шабуыл»
Құрал – жабдықтар: интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі,


Сабақ барысы׃1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қызығушылықты ояту.
Мағынаны тану сатысы Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болды ма?
2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?
Жаңа сабақ

Жүсіп Баласағұнның «Жәуәнмәртлік»,А.Йассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктері және дәстүр жалғастығы туралы мәлімет беру.
Абай Құнанбаев -қазақ әдебиетіндегі, жалпы қазақ руханиятындағы болмысы бөлек дара тұлға. Абай -- ақын ғана емес, хакім тұлға. Ол көп қаламгерлер секілді өмірдің бар болмысы мен шындығын көркем бейнелеп қоюмен шектелмеген, өз шығармашылығы арқылы өзіндік танымын, адамгершілік ілімін жасаған ойшыл ақын. Ол өлеңдері мен қарасөздерінде оқырманына «адам бол» деп қана қоймай, сол адам болудың, адамгершіліктің қалыбын, ілімін жасаған ойшыл ақын. Ол өзіне дейінгі танымы мен төркіні терең адамгершілік ілімімен таныс болған. Өйткені оның ұзақ ізденіспен, треңінен толғатып тапқан толық адам танымы сонау Сократ, Платон, Аристотель заманынан іргесі қалана бастаған іргелі іліммен сабақтасады. Бұрынғы-соңғы ойшылдар адам болмысы, оның өзіндік мәні, артықша қасиеті жөнінде көп толғанған. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек – үшеуінен тұратын Абайдың толық адам танымы Аристотель, Әл-Фараби негіздеген ақыл, жан, тәннен тұратын адам болмысын ойға оралтады. Адам болмысын осы үшеуінсіз я үшеуінің бірінсіз елестету мүмкін емес. Тән Абайдың өзі жазғандай, жанға баспана болу үшін қажет, тәнсіз жан өзінің жасампаздық қызметін атқара алмай қалады. Ал жаны бар тән, дене әлі адам емес, жан-жануар, жәндіктер деңгейіндегі болмыс қана. Жан мен тәнге ақыл қосылғанда ғана адам болмысы пайда болады. Яғни ақыл, қайрат, жүрек немесе ақыл, жан, тән – үшеуімен адам болмысы түгел, толық болады. Тәні мен жаны бар айуаннан адамды биік ететін – ақылы. Сөйтіп Абай өз өлеңдері мен қарасөздерін көп ізденіп, көп толғанып, байырғы төркінінен тартып ойлы, тамырлы, терең туынды етіп жазған. Нәтижесінде толық адам, жәуәнмәртлік, иманигүл танымдарын жарыққа шығарды. Абайдағы бұл іргелі танымдар әдебиеттану ғылымында көрнекті ғалым М.Мырзахметұлының зерттеулері арқылы танылып келеді. Ғалым еңбегінің жалғасындай болып, оның шәкірті Мақсат Әліпханның «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» атты зерттеу еңбегі жақында ғана Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Ұлағат» баспасынан басылып жарық көрді. Құрылғанына биыл 5 жыл толып отырған «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Хакім Абайдың ұлттық құндылықтан бастау алған даналығын зерттеп ғана қоймай, жаңа заман талабына сай орта және жоғары оқу орындарына арналған «Абайтану» пәнін дайындаумен де шұғылданып келеді. Ғылыми орталыққа абайтанушы ғалым-педагогтар шоғырланған. Солардың бірі, кітаптың авторы М.Әліпхан осы университеттегі «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай мен Жүсіп Баласағұн шығармашылығындағы сабақтастық мәселесі жөнінде кандидаттық диссертация қорғаған. Ж.Баласағұн, А.Иасауи, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік ілімі жөнінде танымы терең мақалалар жариялап жүрген ғалым. Оның бүгінде жарық көріп отырған «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» атты зерттеу еңбегін ғылымдағы үлкен бір белес, танымдық мәні зор жаңалықты туынды деп білеміз. Зерттеу еңбегінің көлемі – 27 баспа табақ.
Зерттеу еңбегі бес тараудан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің мән-маңызы, көкейкестілігі мен жаңалығы айтылып, адамгершілік іліміне жанасатын еңбектерге саралау жасалған. Кейінгі бес тарауда айтылар ой-толғамдардың өрелі де іргелі мәселелерге арналатыны осы кіріспеден-ақ көрініп байқалып тұрады. Ғалым адам болу мен адамгершіліктің адамзат өмірі мен болмысындағы орны мен мән-маңызын абсолютті ақиқатына жеткізе танытуға тырысқан. Оның ойынша, адамзат ойшылдарының әр-әр кезең, дәуірлерде айтылып жүрген тұжырымдарының түпкі түйіні, темірқазығы – Аристотель жасаған қорытынды. Ал Аристотельдің пікірінше, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – ізгілік пен қайырымдылық. Бұлар – адамгершіліктің өзегі мен өзі. Өзінің ғана қамын жеу өзімшіл, қайырымсыз адамдар мен жан-жануар, жәндік, құс атаулыларға тән болса, өзгеге жақсылық, қайырым жасай білу – адамдықтың белгісі. Демек адам болу қайырымды болу арқылы келеді екен. Осы орайда Аристотельдің автор сүйенген, тірек еткен пікірі талассыз ақиқат, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық. Ал қайырымдылық пен адамгершілік егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал болмақ. Автордың кіріспе бөлімде осы мәселені негіздеп, бекітіп, танытып алуының жөні бар. Өйткені алдағы тарауларда кеңінен талданып танылатын адамгершілік ұғымы мен ілімінің мән-мазмұны осы кіріспеде айқындалып алынады.
Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан әуелі ауаны, одан қоректі, кейін киімді, есі кіре келе ақыл-ой, білімді, дүние, мансапты, тағы басқа өзі қажет етіп тұтынатын әр түрлі игіліктерді іздеумен болады. Адам өмірі әр түрлі арнайы таңдап алынған игіліктерсіз жалғаса алмайды. Өйткені Алла ғана ешнәрсеге мұқтаж емес, адамзат баласы материалдық, рухани игіліктерсіз өмір сүре алмайды. Осы орайда адамзат баласы Абай айтатын жан қалауы, тән қалауымен түрлі-түрлі игіліктерді қажет ету, тұтыну, иелену әрекетімен өмір сүреді. Ал адамның қалауына ерік берер болсақ, ондай игіліктер жүздеп саналады. Мәселе өмірді мәнді, адамды абзал, абыройлы ететін игілікті танып, таңдап, сол оңды, жөнді игілікпен өмір сүре білуде.
Алла – барша болмыстың бастауы әрі өзі мәңгілік, жоғалмайтын бар болмыс. Адам да сондай уақытша, өтпелі болмыстың бірі. Яғни Алладан өзгенің бәріне де қиямет күні келеді. Алладан бастау алып, бұйырған өмірі бітіп, қиямет күніне тап болатын адамзаттың осы екі аралықтағы оңды, мәнді, тура жолы – ұждан, яғни адамгершілікті болу.
Сөйтіп Мақсат Әліпханның «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» атты зерттеу еңбегінің мазмұны адамгершілік ілімінің қазақ әдебиетіндегі көрінісін кешенді түрде қарастыруға құрылған. Талдау, зерделеу нысанасына алынған Ж.Баласағұн, А.Иасауи, Абай, Шәкәрім ақындар өз шығармаларында адамгершілікті ізерлей ізденіп, төркін-тегін таныта әрі заманына сай жаңашылдықпен жырлаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет