Оқушылар: Оқушылар химиялық терминдермен академиялық тілді қолдана отырып, "көмірсулар", "моносахаридтер" "олигосахаридтер", "полисахаридтер", "триоздар, тетроздар, пентоздар, гексоздар, гептоздар"терминдерін тұжырымдайды.
Құндылықтарды дарыту
Өмір бойы оқу, құрмет пен ынтымақтастық құндылықтары жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, жоқ оқушыларды анықтау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Білімді өзектендіру кезеңі.
Сабақтың бұл кезеңі оқушылардың 9.4.3.26- көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен функцияларын түсіндіру ОМ бойынша білімін қайталауға бағытталған.
Тапсырма дағдылардың қалыптасу деңгейін тексереді:
-"көмірсулар" терминін қалыптастыру» білу және түсіну:
- ұсынылған формулалардан көмірсулар қосылыстарын таңдау- бұл қолдану-.
- көмірсуларды құрамы бойынша қарапайым және күрделі етіп жіктеу- бұл қолдану.
Оқушыларға арналған дидактикалық материалдар.
Қиын болған жағдайда бейнені қарауға және талқылауға болады.
Келесі тапсырма:
А) «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі»
1.Неліктен класс көмірсулар деп аталған;
2.Табиғатта күн сәулесі энергиясының және хлорофилдің әсерінен жүретін процесс;
3.Көмірсуларды атағанда негізінен қаңдай жұрнақ жалғанады, мысал келтіріңіз;
4.Құрамы мен құрылысына байланысты көмірсулар қалай жіктеледі;
5.Моносахариттер дегеніміз не?
6.Моносахаридтер құрамындағы көміртектің санына байланысты қалай аталады?
7. Гексозалардың маңызды өкілдері?
8.Көмірсулар өсімдік массасының қанша пайызын құрайды?
9.Күнделікті пайдаланатын қандай тағамдардың құрамында көмірсулар көп болады?
10.Көмірсулардың алғашқы формуласына сәйкес болғанымен басқа класқа жататын қандай заттарды білесіздер?
Ә) «Айналмалы бекеттер» әдісі
Үш топқа бір – бір постер қағаздары беріледі, олардың біріне «Глюкоза, құрылысы, алынуы, физикалық қасиеттері», екіншісіне «Глюкозаның химиялық қасиеттері, маңызы, қолданылуы», үшіншісіне «Фруктоза, рибоза, дезиксирибоза» тақырыптары жазылған.
Әр топ өздеріне тиесілі постердегі білетіндерін жазып, сағат тілі бағытымен келесі топқа ауыстырады, келесі топ осы тақырып жөнінде толықтырады, тағы сол сияқты жалғасып, бастапқы топқа келеді. Бастапқы топ барлық жиналған мәліметті қорытып, тақтаға шығып қорғайды.
https://ppt-online.org/225341
Көмірсулар құрамы:
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/komirsular--11710 1.Алғашқы табылған өкілдері Сn(Н2О)m формуласына сәйкес келетін көміртек пен судан тұрған.
2.Фотоцинтез
3. -оза, глюкоза, сахароза, целлюлоза
4.Моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.
5.Гидролизденбей-тін қарапайым қантты заттар
6. (С4) тетроза, (С5) пентоза, (С6) гексоза.
7.Глюкоза,фруктоза.
8. 75%
9. Нан, картоп, әртүрлі жармалардың, қанттың, балдың т.б.
10.Формальдегид, сірке қышқылы.