Сабақтың тақырыбы:Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды дифференциялдау Сабақтың мақсаты: Танымдық аспект:Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысын есептеу формуласын қорытып шығару,көрсеткіштік функция мен логарифмдік функцияның туындыларын салыстыру.Көрсеткіштік функцияның алғашқы функциясын табуды үйрену. Дамыту аспектісі:Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. Тәрбиелік аспект: Жаңа сабақты игерте отырып,жауапкершілікке,ұқыптылыққа тәрбие Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс Сабақ көрнекілігі: Көрсеткіштік,логарифмдік функциялардың графиктері, Венн диаграммасы, сәйкестендіру тесті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі Ең маңызды әрі ең қажетті кезең.
2.Үй тапсырмасын тексеру Кемшіліктер болса жою,білім-білік дағдыларын одан әрі жетілдіру.
(сәйкестендіру тесті)
3.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі І және ІІ,ІІІ теоремаларды дәлелдеу.Көрсеткіштік,дәрежелік функцияардың
интегралдарын табу формулалары
4. Жаңа сабақтың меңгеруін тексеру