(Т) 2-3 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқиды. Әлібек пен Марат киноға барады. Үйлеріне автобуспен қайтты. Келесі аялдамадан автобусқа әжей мінді. Марат орын бермеді. Әлібек орнынан тұрып: - Әже, мына жерге отырыңыз! – деді. Әжей Әлібекке: - Өркенің өссің, балам! Әдептібала екенсің! – деп, алғыс айтты. «Əріптестер» әдісі. Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындайды, жұптасып өз нұсқаларын айтады.
Сұрақтары: 1. Әлібек пен Марат қайда барды? 2. Автобусқа кім мінді? 3. Марат не істеді? 4. Әлібек не істеді? 5. Әжей не деді? Кері байланыс:Тапсырманы орындау қиын болды ма?
Не қиын болды?
(Ө) Грамматикалық қоржын.Тиісті қосымшаларды жалғап жазады, дәптерлерін мұғалімге тапсырады. Әлібек пен Марат кино (-ге, қа, -ға) барды. Олар автобус (-мен, -бен, пен) қайтты. Аялдама (-тен, -дан, -нан) әжей мінді. Әлібек әжей (-ға, -ке, -ге) орын берді.
(Т) 6-тапсырма. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады.
Жағдаят: Көшеде ауыр сөмкесі бар әжей кетіп бара жатыр. Оны бір бала қағып кетті де әжейдің сөмкесіндегі заттары шашылып қалды. Сен не істейсің? Балаға не дейсің?
«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.