Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлімЖақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Күні:
Сынып: 3
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтақырыбы
|
Шебер бала
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.4.5.3 - мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ және айырмашылығы бар сөздерді сауатты жазу
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы:
Тақырып бойынша сұхбатқа қатысады, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тақырып бойынша еркін сұхбаттасады, оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Сұхбатқа түсу барысында басқа оқушылардың ойын толықтырады, оқыған мәтіннің негізгі ойын түсініп, өз пікірін білдіреді.
|
Бағалаукритерийлері
|
- тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды.
- оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
- сұхбатқа түседі.
- жалғауларды дұрыс жалғайды
|
Тілдік мақсат
|
Қауіпті, қате, ренжі, рас
|
Жіктік жалғауы
Мен шебер + міңМенренжи + мін
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мейірімді болуға баулу, шебер адамдардың қолымен жасалған бұйымдарды бағалауды түсінеді.
|
Пән аралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану, технология
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым
|
Бастапқыбілім
|
ІІ бөлім. Мейірімді Нұрай № 9
|
Сабақтыңбарысы
|
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Қызығушылықты ояту. Тіл дамыту.
(МК) «Айырмашылығы неде?» ойыны
Оқушыларға екі түрлі сурет көрсетіледі. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтайды. Жауаптарын дəлелдейді.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құраймын;
- оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
- сұхбатқа түсемін;
- жалғауларды дұрыс жалғаймын.
|
Таныстырылым
№ 2
Таныстырылым
№ 3
|
Сабақтыңортасы
(30 минут)
|
Жаңа сөзді меңгерту: қауіпті, қате, ренжі, рас
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдер, антонимдері арқылы, суреттер арқылы түсіндіру.
Мысалы:
Жаңа сөздер
|
Мағынасы жақын сөз
|
Мағынасы қарама-қарсы сөз
|
қате
|
бұрыс
|
дұрыс
|
рас
|
шын
|
өтірік
|
қауіпті
|
қорқынышты
|
қауіпсіз
|
ренжу
|
жабырқау
|
ренжімеу
|
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады:қауіпті – қәуүптү, қате – қәте
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Шырпыдан жасалған үй, шебер бала, шырпы қораптары қауіпті
4. Сөйлемдер құрастыру.
Шырпымен ойнауға болмайды, себебі ол қауіпті. Мұғалім қатені түзетті. Марат рас айтады.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ө, МК)Тыңдалым.Сұхбатты 2 рет тыңдайды, жаңа сөздерді табады, сол сөздермен сөйлемдер құрайды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Кімдер сұхбаттасты?
Не туралы сұхбаттасты?
Шырпы неліктен қауіпті?
Кері байланыс:
Мәтінмен жұмыс.
Оқылым алды тапсырмасы:
(Т)«Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырып бойыншаассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
(Ұ) Оқылым кезіндегі тапсырма
Мәтінді 3 оқушыдан рөлге бөліп оқиды (Автор, Мырзабек, Иманбек), тірек сөздерді табады.
Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол шырпы қораптарынан әдемі үй жасайды.Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. «Не беріп айырбастап алсам екен?» деп ойлады.
Ол Мырзабекке:
- Мен саған добымды берейін. Сен маған ойыншық үйіңді берші, - деді.
Мырзабек допты алмады. Ол Иманбекке ойыншық үйді берді.
- Мен өзіме тағы жасап аламын, - деді Мырзабек.
Иманбек:
- Рақмет! – деп, қуанды.
М.Төрежанов
(Т)Оқылымнан кейінгі тапсырма:
1-топ. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды, басқа топтарға қояды:
1. Әңгімедегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
2. Мырзабек не жасады?
3. Оның ойыншығына кім қызықты?
4. Мырзабек пен Иманбек ойыншықтарын айырбастады ма? Неліктен?
|
Достарыңызбен бөлісу: |