Барлық оқушылар: - Әңгімемен танысып, құрылымын баяндайды;
Көптеген оқушылар: - Әңгіменің бөлшектерін бір-бірінен ажыратады;
Кейбір оқушылар: - Әңгіменің бөлшектерін талдайды, сюжеттік желісі бойынша ұтымды ой айтады;
Бағалау критерийлері
Шығарманың сюжеттік желісіне қарай талдап, зерделнп дамуы бойынша баяндайды.
Тілдік мақсат
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Дала тағысы, жыртқыш, қатігез, табиғат перзенті, тақырып, идея, сюжет, Ыстықкөл, итаяқ, арлан.
Пәнаралық байланыс
Тарих, жаратылыстану, өнер, әдебиет.
Топқа бөлу
Оқушылар топқа бөлінеді ,топ басшысын сайлаймыз.
Қайырлы күн, құрметті теле-көрермендер! Эфирде-7 «Ә» сыныбы арнасы. Бүгін күн – сәрсенбі , ақпанның 7-і. Студияда мен – Жалалова Жасмин «Құрмаш» тобының топ басшысы .
Топты таныстыру:
1-топ басшысы Жалалова Жасмин сөзімді Елбасының сөзі Н.Н.Әбішұлының «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» мақаласында айтып кеткендей
«Табысты болудың ең іргелі басты факторы -білім » деген ұстанымымен бастағым келеді.
/топ мүшелерін таныстырып өтеді/
2-топ басшысы: Төрехан Ақмарал
Біліміміздің салтанат құруы үшін- біз жастар - болашақ ұрпақтың кепілі, көкірегі ояу, көзі ашық, өзгенің жақсы қасиеттерін бойымызға сіңіре білетін жақсы азамат болып өсу біздің басты мақсатымыз.
/топ мүшелерін таныстырып өтеді/
2 топтың ұраны ( оқушылар бірге)
«Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін »
2 –топ басшысы Ақмарал.
Назар аударыңыздар бүгінгі күннің басты жаңалықтарымен таныс болыңыздар.
Мұғалім сөзі:
Жаз жайлаған жапырақтардың ірісің,
Күз жайлаған топырақтардың ірісің,
Қазағымның маңдайына біткен сен
Ұлылардың, ұлылардың бірісің?-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, жазушылық, суреткерлік шеберлігімен әлемдік әдебиеттен ойып тұрып орын алған заманымыздың заңғар биігі, қазақ үшін екінші Абай атанған, халқымыздың біртуар перзенті жазушы М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып аяқтадық.
Алдыңғы оқу
«Көксерек» әңгімесі бойынша қайталау , қорытынды сабағы.