9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді
мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
ӘТН. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.