Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал. «Бір тілек» әдісі. Оқушылар бір-біріне сабаққа қатысты жақсы тілектер айтады
|
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.
Оқушылар бір-біріне сабаққа қатысты жақсы тілектер айтады.
|
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Жаңа сабаққа кіріспе
3 мин.
|
.ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ
Оқушыларға өлең сөзі таратылады. Оқушылар іштей бір рет оқиды. Екінші ретінде дауыстап мұғалім нұсқауымен кезек-кезек оқиды.
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген…
Мұқағали Мақатаев
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «басымды иемменен?»
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.
Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не.
…Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.
…Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»…
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем.
|