Сабақтың тақырыбы: Менеджмент бойынша кәзіргі мәтіндік ақпаратты өңдеу технологиясы. Word процессоры туралы жалпы мағлұматтар



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#14991
түріСабақ
1   2   3

Қалып күй қатары





Стр1

Енгізу курсоры тұрған беттің номері


Разд.1

Енгізу курсоры тұрған бөлім нөмері

1/1

Енгізу курсоры тұрған беттің нөмірі мен беттің жалпы саны

На 2,5см

Енгізу курсорынан парақтың жоғарғы шетіне дейінгі аралық

Ст 1

Енгізу курсоры тұрған қатардың саны

Кол 1

Енгізілген символдар саны

Қалып күй қатарының оң жағында ағымдағы пернетақтаның жұмыс режимі немесе Word редакторының режимі туралы деректер бар:

ЗАП

Макрокомандалардың жазбалары енгізіледі

ИСПР

Редакторлық түзету режимі енгізілген

ВДЛ

Кеңейтілу режимі қосылып/сөнділіп тұр

КОЛ

Бағаналарды белгілеу режимі

ЗАМ

Алмастыру режимі

Құжаттың құрылымын басқару батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

  • Кәдімгі режим (обычны режим) батырмасы – бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден орнатылады. Ол мәтінді фарматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын сызықшамен белгілеп, символдарды теру, түзету және көру процесін жылдам орындайды.

  • Электрондық құжат режимі парақты экранда құжат мәтінін оқуды оңайлататын күйге келтіреді. Бұл режимде парақ белгіленбей, әріптер іріленіп қатар ұзындығы жол енінен шықпайтындай етіп бейнеленеді. Мәтіннің сыртқы түрі қағазға түсетін бейнесіне сәйкес келмейді. Бұл фарматта суреттермен және кадрлармен жұмыс істеуге болады.

  • Беттерді белгілеу (разметка страницы) режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.

  • Құрылым (структура) режимі, мәтінді түйіндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей жылжытуға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртіп болып саналады.

Word редакторында жұмысты аяқтау

Word редакторында жұмысты аяқтаудың бірнеше әдістері бар:

- Файл мәзірінен Выход командасын таңдау


  • ALT+F4 пернелер комбинациясына басу

  • Басару батырмасындағы басу


3. Word процессорында құжаттарды құру

Құжатты ашу және сақтау. Құжаттарды басқару командаларының көпшілігі Файл мәзірінде орналасқан.

Құжатты ашу үшін:



  1. Файл мәзірінің - Открыть командасын немесе батырмасына басу. Қорытындысында Открытие документа сұхбаттық терезесі ашылады.

  2. Папка өрісінде төмен қараған тілсызыққа басып ашылған тізімнен Мои документы бумасын таңдайсыңдар.

  3. Өзіңізге қажетті файлды тауып алып,Открыть батырмасына басыңдар.

Құжатты сақтау үшін:

  1. Файл мәзірінен Сохранить командасын немесе батырмасына басу.

  2. Папка өрісінде төмен қараған тілсызыққа басып, ашылған тізімнен құжатты сақтайтын дискіні және буманы таңдау

  3. Құжаттың атын Имя файл өрісіне жазып Сохранить батырмасына басу.

Ескерту! Егер құжат бірінші рет сақталып тұрса, онда Сохранить командасын, егер бұрын сақталған болып атын өзгерткіңіз келсе, онда Сохранить как командасын таңдаңыз.

Құжат жасау. Создать командасы жаңа құжат жасауға арналған:

  1. Файл мәзірі - Создать командасы

  2. Общие парағында Создание документа шаблонынан Обычный шартбелгісіне шертіңдер

4. Құжаттарды пішімдеу

MS WORD –пен жұмыс жасауда өзіңнің жұмысыңды жеңілдету үшін осы бағдарламаның барлық арнаулы құралдарын пайдануға ұмтылғаның жөн. MS WORD-та құжаттарды пішімдеуге арналған дайындаманың 3 түрі бар: тақырып, шаблондар, стильдер. Бұл дайындамалар үлгілер деп аталады, оларды құжат дайындаған кезде пайдалануға болады.



Тақырып. Нөмірленген және маркерленген тізімдердің, мәтіннің, көлбеу сызықтар мен құжат суретінің түсін және бейнеленуін анықтауға мүмкіндік береді Тақырыпты таңдау үшін Формат- Тема командасын таңдап алу қажет. Пайда болған тізімнен тақырыпты таңдап алу қажет.

Шаблондар. Құжаттардың негізгі түрлерін жасау кезінде (резюме, іс қағаздары хаттары немесе факстер) пайдаланылатын бірнеше стильдерді береді. Формат – Тема командасын орындап, пайда болған терезеден Библиотека стилей батырмасын шертеміз. Шаблон терезесіндегі үлгілерден қажеттісін таңдау жеткілікті

Стильдер. Стильдер құжат мәтінінің сыртқы түрін анықтайды. (бет жиектемесі, қаріп мөлшері, астын сызу және т.б) WORD стильді екі тәсілдің біреуімен таңдауға мүмкіндік береді: құрал- саймандар тақтасындағы Стиль тізімі көмегімен және стиль сұхбат терезесінің көмегімен

5. Найти және заменить сұхбат терезесін пайдалану.

Егер сендерге құжаттан белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін табу қажет болса бүкіл құжаттың әрбір жолын қарап шығу керек болады. Алайда мұны жеңілдету үшін қажетті сөз немесе сөз тіркесін табатын WORD- тың арнаулы құралы найти және заменить сұхбат терезесін пайдалану өте ыңғайлы. Мысалы: оқушы сөзін студент өзгерткің келсе найти и заменить сұхбат терезесі мұны жылдам орындап береді Ол үшін Правка- найти и заменить командасын орындаймыз Пайда болған терезеден заменить бетін таңдап найти өрісіне құжаттан тапқың келетін сөзді заменить на өрісіне өзгертетін жаңа сөзді енгізу қажет. Іздеген сөзіңіз мәтіннен табылса ерекшеленіп белгіленеді. Заменить все командасын таңдағанда мұқият болу керек, себебі өзгертетін сөз басқа сөздің құрамдас бөлігі болуы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмас үшін только слово целиком таңдау жалаушасын белгілеу қажет.



6. Кестелермен жұмыс жасау

Кестелер хабарды жолдар мен бағаналар түрінде беруге мүмкіндік туғызады, мұның өзі деректерді беру үшін қолайлы болады. Кестелерге оқырмандар мәтінде назар аудара қоймайтын фактілер мен сандар енгіізіледі, олар кестелерде көрнекі көрініс береді. WORD құжатта кесте жасаудың әртүрлі үш әдісін ұсынады.



  • Тышқанның көмегімен құжатта кестені сызу

  • Бағаналар мен жолдардың сандарын беру арқылы кестенің мөлшерін анықтау

  • Құрал-саймандар тақтасындағы добавить таблицу батырмасы арқылы

Мәтінімен бірге бүкіл кестені алып тастамай, WORD кестедегі деректерді қозғамастан, тек кестені алып тастауға мүмкіндік туғызады. Кестені қайтадан мәтінге өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Алып тасталатын кестенің кез келген жеріне шертіңдер

  2. Таблица – преобразовать в текст командасын таңдап алыңдар

  3. Пайда болған терезеден мәтінді бөлу тәсілдерін (абзац таңбасын, кестелеу таңбасын, үтірлі нүкте немесе басқасын) таңдап алып ОК батырмасына шертіңдер

Кесте жойылады, ал оның мәтіні сол қалпында қалады.

Егер қандайда бір мәтінді теріп, осы мәтінді кестеге қайта өзгерту керек болса мына әрекеттерді орындаңдар:



  1. Кестеге қайта өзгерткілерің келген мәтін үзіндісін ерекшелеңдер

  2. Преобразовать в таблицу командасын таңдап алыңдар Терезе пайда болады.

  3. Автоподбор ширины столбцов тобынан үш ауыстырып қосқыштың біреуін таңдап алыңдар.

    • Тұрақты қосқыш. Сендер Авто мәнін таңдай аласыңдар, ал бұл бағананың ені ондағы ондағы мәтінге байланысты болады деген сөз. Осы өлшемнің екінші бір мәні сантиметрмен анықталады.

    • Мәтіні бойынша. Бағананың ені ондағы ең ұзын жолға байланысты болады.

    • Терезенің ені бойынша. Кестенің ені осы кесте бейнеленген терезе енінің негізінде белгіленеді.

  4. Автоформат батырмасына шертіңдер. Пайда болған терезеден форматы тізімінде кесте пішімдерінің біреуін таңдаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет