Оқушылардың басым бөлігі: 6-бөлімдегі негізгі материалды жақсы түсінеді, үйренген үлгі бойынша айта алады, дәптердегі тапсырмаларды жеңіл орындай алады.
Кейбір оқушылар: 6-бөлім бойынша өткен материалды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, дәптердегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Мұғалім оқушыларға №3 жұмыс дәптерін таратады, дәптердегі тапсырмалардың осы бөлім бойынша өткендерін қайталауға құрылғанын түсіндіреді.
1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша домбыра сөзін қайталатады. Оқушылардың аталған сөзді дұрыс жаза алуларына көңіл бөледі.
2-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға түстерді қайталатады. Сөздермен жұмыс «Шеңбер» ойыны бойынша жүргізіледі. Сөзжұмбақтан сөздерді табу тапсырмасы орындалады.
3-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға қоян туралы жұмбақты қайталатады. Оқушылардың оқылым дағдыларына көңіл бөледі. Қоян туралы жұмбақты осы бөлімде үйренгендіктен, оқушылардың басым бөлігі оны жатқа
1-тапсырмада оқушылар сурет бойынша домбыра сөзін қайталайды, аталған сөзді суреттің қасына жазады.
2-тапсырмада оқушылар түстерді тірек суреттер бойынша қайталайды. Содан кейін сөздерді сөзжұмбақтан табады.
3-тапсырмада оқушылар қоян туралы жұмбақты еске түсіреді, жұмбақты оқиды, жатқа білетіндері жатқа айтып береді.
Содан кейін жұмбақтың жауабын тапсырмада берілген орынға жазады.