Сабақтың тақырыбы Натурал сандар және нөл Сабақ 1+2



бет7/12
Дата06.01.2022
өлшемі399,65 Kb.
#13766
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жетістік критерийлері

1 . Теңсіздік белгілері арқылы натурал сандарды салыстырады;

2. Разрядтарына қарап отырып натурал сандарды салыстырады;

3. Проценті бойынша санды табуды үйренеді;

4. Қос теңсіздік ұғымымен танысады.




Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Қар-снег

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


«Миға шабуыл» стратегиясы (Карточкалар көмегімен берілген сұрақтарға жауап беру)

1. Математикадағы “” және “_________деп аталады.

2. Мұндағы, “” және “

3. Координаталық сәуледе кіші сан_______жақтағы нүктемен, ал одан үлкен сан ____жақтағы нүктемен кескінделеді.

4.Салыстырылатын екі натурал санның разрядтар саны __________.

5. Разрядтар саны әр түрлі екі натурал санның қайсысының разряды __________ болса, сол сан үлкен болады.

6.Салыстырылатын екі натурал санның разрядтар саны __________________.

7.Разрядтар саны бірдей екі натурал сан жоғарғы разрядтарынан бастап _______________ разрядтары бойынша салыстырылады.

8.Егер екі натурал санның разрядтар саны бірдей және аттас разрядтардағы цифрлары бірдей болса, онда мұндай натурал сандар өзара___________________болады.

9.Кез келген 3 санды салыстыру___________түрінде жазылады.

10.Қос теңсіздіктер___________ саннан бастап оқылады.


Шаттық шебері




Сабақтың ортасы

8 минут




I тәсіл. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санды санағанда өсуретімен алғашқы айтылғаны кіші, ал кейін айтылғаны үлкен болады.

Мысал келтіріңдер:

II тәсіл. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санның жазылуында қайсысының разряды үлкен болса, сол сан үлкен және қайсысының разряды кіші болса сол сан кіші болады.

Мысалы, 101 > 99, өйткені 101 санның жазылуында үш разряд, ал 99 санның жазылуында екі разряд бар, яғни 101 санның разрядтар саны 99 санның разрядтар санынан көп.

Анықтама: Разрядтары бірдей екі натурал санның қайсысының (солдан оңға қарай) бірдей разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан үлкен болады.

Мысалы, себебі 3>1.

Салыстырыңдар: 5814 □ 5814, 6230□6240

Анықтама: Екі натурал санның разрядтар саны мен бірдей разрядтағы цифрлары бірдей болса, онда олар тең болады.

Мысалы,

III тәсіл. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санның координаталық сәуледе сол жақта орналасқаны кіші, ал оң жақта орналасқаны үлкен болады.

Мысалы,


О

1-сурет

0 1 14 19

19 саны 14 санының оң жағында орналасқан, сондықтан 19 >14.

Егер қандай да бір сан біреуі сол жағында, ал екіншісі оң жағында орналасқан екі санмен салыстырылса, онда қос теңсіздік қолданылады.

Мысалы,

О

• • • • 2-сурет

0 1 12 15 19

15 саны координаталық сәуледе 12 санының оң жағында, ал 19 санының сол жағында орналасқан. Онда 12<15 <19 деп жазамыз. Мұндай жазуды қос теңсіздік дейміз.

12<15 <19 қос теңсіздігінің оқылуы:

-15 саны 12-ден үлкен, бірақ 19-дан кіші немесе 15 саны 19-дан кіші, 12-ден үлкенОқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет