Сабақтың тақырыбы: Құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері Орфографиялық нормалар Сабақтың оқу мақсаты

Дата08.11.2022
өлшемі29,25 Kb.
#48403
түріСабақ
Байланысты:
Құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері

Тексерілді:_________________

Күні: 22.09.2022

10-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан

Сабақтың тақырыбы:

Құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері
Орфографиялық нормалар

Сабақтың оқу мақсаты

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

Бағалау критерийлері:

  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі)

  • мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс тар

Сабақтың басы
5 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут
15 минут

Жазылымға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма. Мәтінді оқы. (1-қосымша)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  1. Мәтін сезімдерге немесе дәлелдемелерге құрылған ба?

  2. Беделді автор ретінде кімнен үзінді келтірген?

  3. Кім сөйлеп отыр? Сөйлеушінің көзқарасы қандай? Сөйлеуші қандай ұйымның өкілі? Сөйлеушіде көзқарастар қайшылығы бар ма? Сөйлеуші альернативті көзқарастарды келтіре ме?

  4. Ақпарат қаншалықты жаңа? Немесе қаншалықты соңғы кездерде белгілі болған ақпараттар келтірілген?

Жазылым тапсырмасы

Тапсырма. Берілген тақырыпта эссе жазыңыз: «Қазіргі жастар өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанбайды» деген тұжырыммен келісесіз бе?

Эссе жазуға нұсқаулық:
 Тезисте өз көзқарасыңызды нақты көрсетіңіз.
 Өз ұстанымыңызға бірнеше аргумент келтіріп, соларға сәйкес дәлелдер беріңіз.
 Қорытынды бөлімде кіріспе және негізгі бөлімде айтылған ойларыңызды
тұжырымдаңыз.
 Ұсынылған лексикалық оралымдар мен клишелерді орынды қолданыңыз.

Сұрақтарға жауап береді

2 балл

қажетті клишелерді пайдаланады; 2б

лексикалық құрылымдарды қолданады; 2б
көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді;2б
ойын дәлелдейді; 2б
эссе құрылымын сақтайды;2б

10-сынып оқулығы

Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс «3-2-1»
Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
Қиындық тудырған 2 аспект
Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.

Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты, себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға болады. Ал адамды басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұрады.
Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдықта өткен тарихи-мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау қалыпты жағдай. Өткенді сана толқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саясиэкономикалық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты. Осы орайда Гегельдің «рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады» деген ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде оның өзіндік санасы, тарихи жады. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырлар қойнауынан бастау алады және көптеген тарихи қабаттардан тұрады, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын танудың маңызы артып отыр. Бұл талапты қанағаттандыру үшін өткен дәуірлердің рухани мұрасын тарихи-философиялық тұрғыдан байыптау қажет. Осы орайда белгілі философ А.Х. Қасымжанов: «Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырламызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну өткенге құрметпен қарау, бұл халықтың іштей түлеп өзін-өзі тану жасына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың тарихи мұрасының өрлеу ұлттық сана-сезімінің өсу процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Мұнсыз халық тәуелсіздігі дегеніміз бос сөз болып қала бермек» дейді. Сөйтіп өткен дәуір рухани бастаулары бүгінгі күн мен болашақтың өзегіне айналып отыр.
Халқымыздың моральдық адамгершілік, халықтың ізгі қасиеттерін бойға сіңіру-әрбір азаматтың борышы. Халқымызда әдепті, инабаты мол жасты «көргенді елдің баласы» деуі тегін емес. Бұл – ұлттық тәрбиені дамыта беру деген сөз. Сонымен тәрбие дегенің өзі не?
Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Тәрбие білім берумен тығыз байланысты. Сонымен бірге ол адамға қоғам құрылысы, ғылым мен техниканың дамуы, әдебиет, өнер, бұқаралық ақпарат және насихат құралдары (баспасөз, радио, телевизия) арқылы ықпал етеді. Тәрбие мәселесінде айрықша мән беріп, сол жайында қазақ тілінде алғаш «Педагогика» атты еңбегінде Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие, кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген сөз. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық тағылым ұрпақ тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда сол құндылықтарымыз қаншалықты сақталып, ұрпақ санасына қаншалықты беріліп жатқандығы – басты мәселе.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет