Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлері. Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата24.05.2022
өлшемі0,88 Mb.
#35550
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
00060abb-15ff0d75

Сантиметрлік таспа.
Өлшемдерді түсіргенде, мата мен бұйым бөлшектерін өлшегенде қажет.
Ол созылуға төзімді арнайы матадан жасалады, Таспаның ұзындығы -150см.



Қол жұмысын орындауда ескеретін қауіпсіздік ережелері.



  1. Жұмысқа кіріспес бұрын инелерді санап алыңыз, сынғанын және тот басқанын тастаңыз.

  2. Тігіс тігуде оймақ қолданыңыз.

  3. Инелерді, қайшыны арнайы қорабшада немесе инеқапта сақтаңыз.

  4. Қайшыны ауызы жабық күйінде қою керек.

  5. Қайшыны дөнгелегін алға қаратып береді.

  6. Инені аузыңызға салмаңыз, киімге және жұмсақ жиһазға қадамаңыз.

  7. Сынған инені қағаз бетіне салып, ұқыптап қоқыс салғышқа тастаңыз.

  8. Жұмыс соңында инелерді санаңыз, ол жұмыс басталғанға дейінгідей болуы керек.



ІV. Жаңа білімді бекіту.
Жаңа білімді бекіту бөлімінде сатылай кешенді талдау технологиясының элементтері алынды.
Тігісті сатылай кешенді талдау:

  1. Инешаншым – бұл:

  2. инешаншым ұзындығы:

  3. Тігім:

  4. Тігіс:

  5. Уақытша тігім:

  6. Тұрақты тігім:

  7. Тігістің ені:



Тігістердің атын жазыңдар.






Бос таблицаны толтырыңдар.



Термин

Жұмыстың мазмұны

Қолдану орны



Көутеу

?

Белдікті, желбіршектерді,иық , бүйір тігістерді уақытша біріктіру үшін қолданылады.

?

Бөлшектердің қайтарылған шеті мен қатпарларды уақытша біріктіріп тұрады.

Бұйымның етегі мен жеңдерде, қатпарларды ұстатқанда қолданылады.

Көктеп тігу

Бірінің үстіне бірі тұрған екі бөлшекті уақытша көктеп тігу.

?

?

Бөлшектердің қайтарылған шетін бастыра көктеу.

?

Көмкеру

?

Шет тігістерді сетінемес үшін қолданады.


Сәнді, әшекейлі фурнитураларды бұйымға қадау.

Түймені, ілгекті бұйымға қадағанда қолданады.

V. Қорытынды .
1. Қол тігісінің терминологиясы дегеніміз не?
2. Көктеу тігісінің қлданылатын орны?
3. Жұмыс орнына жарық қай жақтан түсу керек?
4. Инелерді жұмыс басында не істейді?
5. Қайшыны қай жағымен береді?


VI. Бағалау.
Тақтаға оқушылардың аты- жөндері жазылған плакат ілініп, қызыл, жасыл, көк стикерлерді жабыстыра отырып бағалау
VII. Үй тапсырмасы.
Өткен тақырыпты мұқият оқып, мақта мата, А4 альбом әкелу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет