Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлері. Сабақтың мақсаты


Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар



бет4/5
Дата24.05.2022
өлшемі0,88 Mb.
#35550
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар.
Қол тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін «Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу (тақтаға жұмбақтар жазылады, жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады)
Жіңішке, бір құлақты,үшкір. (Ине)
Ине – болаттан дайындалған, жіңішке,үшкір, жіп өткізуге арналған құлағы бар.
№ 1-12 дейін шығарылады. Жұқа маталарға №1,2,3,инелер қолданылады. Костюмдік маталарға №3,4,5 инелер қолданылады. Тақ номерлі инелер жұп номерлі инелерге қарағанда ұзындау болып келеді.



Екі пышақ бірлесіп, кесіп пішіп береді
Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі (Қайшы)
Сендер білесіңдер ме, бірінші қайшы біздің эрамызға дейін бір жарым мың жыл бұрын шыққан.
Қайшыны болаттан, тіпті күміс пен алтын жалатылғаннан да дайындайды.
Қайшы матаны қиғанда, жіпті кескенде қажет. Олар тігінші, пішуші, тұрмыстық болып бөлінеді. Қайшылардың өлшемдері мен құрылысы әр түрлі.



Үшкір, ине секілді, тігуге жарамайды. (Түйреуіш)
Түйреуіштер 3-4см, жіңішке, қырналған. Өлшеу, пішу кеінде мата жылжымас үшін қолданады.



Бұл шелектен, сусының қанып су ішпейсің.(Оймақ)
Оймақ инені матаға шаншып кіргізгенде қажет. Ол қолды иненің басы кіріп жарақаттанудан сақтайды. Оймақ қлдың ортаңғы саусағына кигізіледі. Оймақты плстмассадан, темірден жасайды.



Калышек.
Түймелікті тесетін құрал- ол бұйымдағы теспені түйменің өлшемі бойынша екі жаққа ажырата кесіп шығады.





Резец.
Сабына бекітілген тістері бар металл диск. Қосарланған бөлік тердің сызықтарын екінші жартысына көшіру.



Тігінші боры.
Геометриялық формадағы түрлі-түсті бордың бөліктері. Бордың қырын шығаруға болады. Үлгіні мата бетіне орналастыруда және өлшем алуда матаға және тағы басқа материалдарға сызық түсіру және белгілеу.



Манекен.
Адам бейнесіндегі құрылғы аспап. Манекеннің үстінде бүйір және иық тігістерінің, жағаның мойын ойындысына, жеңнің қолтық ойығына көктелуінің дұрыстығын тексереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет